+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
20.11.2016 в 16:54

Дін, дәстүр, халық біртұтас

Алтай мен Атыраудың, Ертіс пен Жайықтың, Қызылжар мен Қаратаудың арасын мекендеген ұлан байтақ еліміздің қашан да тілі мен дәстүрі, мәдениеті, тарихы мен тағдыры бір болған. Мұны кешегі тарих пен бүгінгі кемел күніміз дәлелдеп беріп отыр. Жоғарыдағы Елбасымыздың сөзі де текке айтылмағандығының айғағы. Сан ғасырлардан бері қаншама тарихи қиын-қыстау заманды басынан өткерген халқымыздың дәстүрін тұтастай етіп ұстап, өзге ұлттар мен ұлыстарды өзінің бауырына сыйдыра алды. Бүгінде біз әлем бойынша көпұлтты мемлекеттердің қатарына кіреміз. Десек те, біздің елімізде ұлттық араздық пен діни кейкілжіңдер орын алған емес. Себебі біздің көпұлтты мемлекет болуымыз талайы тағдырымыздың, әлеуметтік-тарихи көрінісі шындығымыз. Әйтсе де ол Елбасының сарада дара саясатының арқасында бүгін біздің бөлшектенуімізге емес, бірігуімізге, жарқын да айқын болашағымызға қызмет жасауда. Бұл еліміз бен Елбасымыздың дін саласындағы дұрыс бағытының, сарабдал саясатының жемісі.

Біздің мемлекетіміздің дін саласындағы ұстанған 3 негізгі ұстыны зайырлылық, толеранттылық және конфессияаралық қарым қатынастағы тағылымы мол тағаттылық. Біз осы негізгі 3 бағытты негізге ала отырып, Тәуелсіз еліміздің іргесін одан әрі нығайтарымыз хақ. Осы 3 ұстанымның бірі біздің қоғамымыздағы діни төзімділік, яғни толеранттылық.

«...Толеранттылық - ұран емес, ол біздің өмір салтымыз» – деп Елбасымыз атап өткендей өз ата дінімізді ардақтай отырып, өзге ұлт өкілдерінің діни наным-сенімдеріне деген діни төзімділікті біз сөз жүзінде айтып қана қоймай, оны әрбір Қазақстандық азамат өзінің өмірлік ұстанымына айналдыруы тиіс. Сан ғасырлық қатпарлы тарихымызға көз жүгіртсек біздің ұлан байтақ елімізде түрлі ұлттардың діни наным-сенімдері, мәдениеттері қатар өмір сүргендігіне көз жеткіземіз. Жалпы дін адамдар дүниетанымы мен эстетикалық талғамын қалыптастыруға, қоғам мүшелерін құрметтеп, айналаға мейіріммен қарауға, бейбіт өмірді қамтамасыз етуге, татулық пен тыныштыққа қызмет етіп қана қоймай, адамның жан дүниесін иман нұрымен нұрландырып, көркем мінез бен сабырды серік етуге жетелейтін бірден-бір ілім. Қоғамның ең басты байлығы – адам болғандықтан, адамға тура жол көрсетіп, ақ пен қараны ажыратуда діннің алар орны ерекше екендігін ата-бабаларымыз іс жүзінде көрсетіп берді. Бұл да біздің ата-бабаларымыздың діни төзімділіктің озық үлгісін көрсетіп бере алғандығының дәлелі.  Баға жетпес байлығымыз – бабаларымыздан өсиет болып қалған, халқымызға қасиет болып қонған бақыт-бірлігіміз екендігін, құнды қазынамыз – тарих табыстырып, тағдыр тоғыстырған халқымыздың бірлігі болғандықтан ел татулығын сақтаудың бүгінгі таңдағы маңызды іс-шараның бірі.

...Біз барлық діндердің тең құқығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамассыз етеміз.

Біз Исламның басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп, әрі дамыта отырып, осы заманға сай зайырлы мемлекет орнатамыз. Елбасымыздың өзі осы тұста діндердің баршасының негізінде бейбітшілік пен тұрақтылықтың бар екендігін айта келе, сол діндердің негізінен ала отырып, діни төзімділікті қалыптастыруды нұсқап отырған секілді. Себебі ата-бабаларымыздың ұстанып келген ислам дінінің тарихына көз жүгіртер болсақ Мұхаммед Пайғамбарымыздың өзі діни төзімділіктің озық үлгісін қалыптастырып, іс-жүзінде көрсетіп кеткендігіне көз жеткіземіз.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «…Қазақстанда дін қоғамнан бөлінбеген, сондықтан да мемлекет бұл саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуден шет қала алмайды. Сондай-ақ, діни сенім адамгершілік негіздеріне құрылғанын және аса ірі гуманистік әлеуетке ие екендігін ұмытпауымыз керек. Біз оны қоғамның рухани құндылықтарын дамытуға, қазақстандық патриотизмді, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға және діни экстремизмнің алдын алуға пайдалануымыз қажет» деген 

Сырт елдерде діни тұрақсыздықтың кесірінен болып жатқан келеңсіздіктерге қарап, ел дамуының бірден бір кепілі ол діни тұрақтылық екенін түсінуге болады. Шынында мемлекет дінсіз болмайды, дін мемлекетсіз болмайды. Себебі қандайда бір мемлекетті құраушы ұлттың және сол мемлекетте тұрып жатқан басқа да ұлттың ұлттық бет бейнесі ұстанған дінінен, тілінен салт-дәстүрінен көрніс табатыны шындық. Соның ішінде діни тұрақтылықтың болуы өте қажет. Бұл жағынан біздің еліміз жақсы жағдайда деуге болады. Сол үшін осы елдегі әр ұлт өз дінін тұрақты ұстану үшін елдің дінге деген жанашырлығын сезініп ұстанған діні арқылы болса да еліміздің дамуына, тұрақтылығына үлес қосуы керек. Шынында әрқандай дін сол елдің тұрақтылығына, даму өркениетіне қарсы емес.

Еліміз халқының басым көпшілігі ислам дінін (Ханафи мазһабы, 76) және  христан дінің (правослов тармағы 21) ұстанушылардан тұратынын  білеміз. Кім қандай дінді ұстансын әркім өз дінінің құндылығын сақтап дінаралық татулықты нығайтып, бір-біріне құрметпен қарап, дінің рөлін қоғамда көрсете білуі керек. Алла тағала адамдарға дін жіберудегі мақсаты адамдардың бақытты өмір сүруі үшін. Олай болса кез келген дін сол елдің дамуына, тұрақтылығына жұмыс жасауы керек.

...Әлемде моральдық-адамгершілік дағдарыстың өрістеуіне тән белгі дінге сенетіндерді баса-көктеп қаралау оқиғалары, дінді әлеуметтік үдерістердің  жағалауына ығыстырып шығару әрекеттері болып табылып отыр.

Діни құндылықтарды қорлау фактілері көптеген елдерде, іс жүзінде,  барлық діндерге қатысты байқалып отыр.

Бұлардың қатарында қасиетті кітаптарды  көпшілік алдында өртеу, мешіттерді, храмдарды, синагогаларды және басқа да ғибадат орындарын қорлау мен өртеу, дін қызметкерлерінің беделін түсіру, діншілдерді соққыға жығу мен өлтірулер бар.

Бүгінде мұсылман әлемінде күрделі үдерістер жүруде. Мұнда экономикасы ырғақты және елеулі  әлеуметтік-саяси проблемалары жетерлік елдер бар.

Ислам – бұл адамзаттың мәдени және материалдық мұраларының орасан зор және өсіп келе жатқан қатпары.

Қазіргі заманғы және болашақтағы жаһандық қоғамдастықты Ислам әлемінсіз көзге елестету мүмкін емес. Осыған тосқауыл қоюдың кез келген түрі көрегенділік емес, тіпті қатерлі де.

«Біз олардың қандай дінге және этномәдениетке жататынына қарамастан барлық қазақстандықтың жалпы ұлттық бірлігі мен келісімінің ерекше формуласын қалыптастырдық. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Сьезі – бұл Қазақстанның бүкіл әлемге парасатты сыйы» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей біз бір ел болып әлемдегі діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесімізді қосып келеміз. Біз үшін дәстүрдің де тұтастығы осында. Себебі Қазақстанда мекендеген 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері қандай ұлттың өкілі болса да, әртүрлі дін өкілдері болсақ та біз үшін бейбітшіліктен асқан құндылық пен бақыт жоқ.

Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы.

Діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады. Біз оны алыс жақын көршілес елдердегі саяси оқиғалардан көріп біліп отырмыз.                                

Әрбір халық үшін азат мемлекет, егеменді ел болудан артық құндылық болмас сірә?! Ал сол тәуелсіз мемлекет үшін Тәңірінің тыныштығы мен бейбітшілігінен асқан бақыт жоқ екендігін ұмытпауымыз қажет.

М.Сағынтаева, дінтанушы

ОҚО «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика