+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
04.12.2016 в 09:54

Ислам елдері қазақстандық студенттерді тегін оқумен алдап құрыққа түсіруде

Ислам елдері қазақстандық студенттерді тегін оқумен құрыққа түсіруде. Сол себепті біраз азаматтар құпия түрде діни білім алу үшін шекара асады екен. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері бойынша комитет төрағасы Ғалым Шойкин мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай жағдайда біздің отандастар радикалды топтардың құрбанына айналуы мүмкін. Ал, олар елге оралғаннан кейін дәстүрлі емес діни бағытты кең түрде таратуға кіріседі.

Сондықтан араб елдеріне аттанбас бұрын, шетелдік университеттер және олардың діни көзқарастарының Қазақстанмен қаншалықты сәйкес келетінін біліп алу маңызды дейді. Ал, күмән тудыратын оқу орындарында білім алған студенттер Қазақстанда ресми түрде қызмет атқара алмайды.

«Егер олар шақырса, демек қандай да бір біздің азаматтарды пайдалануға деген қызығушылық бар деген сөз. Көбісі ол жаққа өз еріктерімен кетеді. Олар мейлінше ешкіммен кеңеспей, біздің ресми дипломатиялық өкілдіктерден бойларын аулақ ұстайды. Бұл ретте тек мемлекеттік органдар ғана емес, олардың ата-аналары да сақ болуы керек», – дейді Ғалым Шойкин.

Айта кетейік, елімізде дәстүрлі емес ислам ағымдарын ұстанушылардың саны 16 мың адамға жуықтайды. Бұл әрине, нақты цифра емес. Салафилік-уахабилік идеологияны қолдаушылардың саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Ал, сол 16 мыңның 3 мыңдайы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары. Осы теріс діни ағымдардың жетегінде кеткен азаматтармен бүгінде ОҚО Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ түсіндіру шараларын жүргізуде. Басты мақсат – жат ағым ұстанушыларды дәстүрлі исламға қайта оралту.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика