+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
13.12.2016 в 15:02

Дінаралық және ұлтаралық келісім. Татулық. Толеранттылық. Өзара құрмет

Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық  діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты. Халықтардың өзара қарым-қатынасы мəдениетініңқазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық жағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта ұзаққа созылған қарсылық пен мəңгілік жек көрушілікке ұласып кетпеуінің алдын алу болып табылады. 

Қазақстан қоғамының бұндай жетістікке қол жеткізуі оның халқының ұжымдық субъекті ретіндегі жəне оның əрбір мүшесінің өз бойында ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетін жоғары қоюында болып отыр. Бұған Қазақстан Республикасының алғашқы кезеңнен бастап зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде дамуды қолға алып, өз конституциясында республика территориясында тұратын кез-келгеназаматтың толық құқықтылығына кепіл болуы үлкен ықпал етті. Қазақстан Республикасының Ата Заңында: «Тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды» деп азаматтарының өз құқықтарын толығымен пайдалануына мүмкіндік жасаған. [Қазақстан Республикасының Конституциясы -Астана: Елорда. 2008 жыл 1, 8-бет].

Əлемдегі кез-келген Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекеттің өзінің тұтастығы мен тəуелсіздігін сақтаудың негізгі шарттарының бірі – ол оның азаматтарының өзгелерден ерекше артықшылық пен үстем  болып ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дəрежесіне біріктіру мəселесі алынады. Сондықтан да, Қазақстан билігі өз азаматтарының ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, жалпы қазақстандық ұлт ұйытқы және оның айналасында біріктіруші ұлттар дəрежесінде біріктіру саясатын ұстанған. 

Осылайша, Қазақстан өз тəуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ көп ұлтты жəне түрлі дінді ұстанатын қоғамда этностардың өзіндік ерекшелігі мен бірігуін сақтауға негізделген ұлтаралық қатынастарды қамтамасыз ететін өзіндік айрықша үлгіні қалыптастырған. Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі деңгейде жүзеге асырылады: тұжырымдамалық деңгей; саяси-құқықтық (конституциялық) деңгей; институционалдық деңгей жəне ғылыми-əдістемелік деңгей. Тұжырымдамалық деңгей еліміздің ұлтаралық қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді жəне ол: əлеуметтік-экономикалық, мəдени, ождандық, тұрмыстық жəне басқа да өзара тəуелді, толықтырушы факторларды есепке алу, Қазақстан ұлттарының өз мəдени дамуын еркін қамтамасыз ету жəне олардың мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру принциптеріне сүйенеді. 

Саяси-құқықтық немесе конституциялық деңгей мемлекеттің ұлтаралық қатынастар саласын реттейтін заңнамалық актілер жəне ұлттық саясатты жүргізуге қатысты басқа да құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Ұлтаралық келісімнің құқықтық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы танылады.

Ұлттар арасындағы толеранттылық мəдениетін дамыту, ұлтаралық жəне дінаралық келісімді қолдау жəне дін мен ұлт мəселесіне қатысты қақтығыстардың алдын алу мəселесі ұлттық саясаттың ақпараттық қамсыздандыру жүйесін қалыптастыру қажеттігін көрсетеді. Осылайша, ұлтаралық келісімінің қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі принциптерге, яғни мемлекеттік саясаттың негізге алатын идеялардың, ұстанымдардың өзара тəуелділігіне сүйенеді. Оның ішінде маңыздылары ретінде: ашықтық пен жариялылық; заңдылық, қолданыстағы күштер, қаржы мен əдістерді заңды тіркеу мен құқықтық реттеу, ұлттық құрылыс мəселелерін саясат- сыздандыру; ождандық бастамаларда гуманизм, əділеттілік жəне адамгершілікті ұстану; өзара көмек пен қолдау; қайшылықтардың алдын алу шараларын қарастыру жəне т.б. аламыз. Көптеген зерттеулер мен өмірлік тəжірибе көрсетіп отырғанындай ұлттар арасындағы келісім мен татулық этностардың өзара түсіністігі жағдайында ғана қол жеткізіледі. Бұл бағытта мəдениеттер арасындағы диалог қоғамның толеранттылығын артырады.

Толеранттылық көпқырлы сөз ретінде қоғамдағы демократия, адам құқықтары мен бостандығы, диалог мәдениеті, мәдениетаралық байланыс,  саяси плюрализм, этикалық плюрализм, мәдени плюрализм ұғымдарымен тығыз байланысты. Ол сондай-ақ мына салаларда да кең қолданыста: әлеуметтік, жеке, саяси, құқықтық, идеологиялық, коммуникативті, этикалық, дүниетанымдық, психологиялық, медико-биологиялық, діни-конфессияналдық, ұлттық-этникалық, гендерлік, нәсілдік, педагогикалық, тұрмыстық т.б.

«Толеранттылық» сөзі алғаш рет батыста пайда болған. Әуелде діни салада қолданысқа түскен ол кейіннен басқа да көптеген жаңа ұғымдарға негіз қалады.

Толеранттылық (tolerance) бүгінгі күні «төзімділік» деген сөзбен түсіндіріліп жүр. Өйткені латын тіліндегі «tolerantia» (түбірі «tolerare» көп мағынаға келеді) деген сөз «төзу, шыдау, көндігуді, рұқсат ету» деген мағынаны білдіреді,

Толеранттылық бұл – біздің қоғамның адамгершілік нормалары. Бұл туралы бүгін «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты күн тәртібімен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

«Ғаламдық трендтерді ескере отырып, біз мемлекет, қоғам мен діннің өзара әрекеттестігінің тиімді моделін табуымыз қажет. Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл – біздің тарихи таңдауымыз. Зайырлы атеистік дегенді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз бұл – озық, толерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез келген экстремизм түрін үзілді-кесілді мойындамаймыз. Жастарды радикалды діни ағымдардан қорғауымыз қажеттігіне сенімдімін. Сондықтан, Қазақстанның діни қайраткерлері бұл жолда жұмыс атқарады деп ойлаймын».

«Біздің ұлы даламыз мыңдаған жыл бойы толерантты болып келді. Бұл ретте мен толеранттылықтың бассыздық емес екендігін атап өткім келеді. Толеранттылық бұл – біздің қоғамның адамгершілік нормалары. Оларды біз нығайтып, қорғап , барлық буындарды тәрбиелейтін боламыз», - деп атап өтті Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты күн тәртібімен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессия отырысында.

Ж.Асхатұлы

ОҚО «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика