+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
03.12.2016 в 14:40

Өкіл имам: Мұсылман мұсылманға – бауыр

Хазіреті Әбу Зар (р.а.) ынтымақ пен бірлік жайлы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Кімде-кім жамағаттан бір сүйемдей болса да ажыраса, мойнындағы Ислам жібін шешіп тастағаны», – деген сөзін риуаят етеді.

Хазіреті Омар (р.а.) хұтпа оқып тұрып, сөзінің арасында Алла елшісінің (с.ғ.с.): «…Жамағатпен болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар! Әлбетте, шайтан жалғыз жүргенмен бірге, шайтан екеуден алшақтау жүреді. Кімде-кім жәннаттың ортасын қаласа, жамағаттан ажырамасын…», – деген өсиетін айтып насихат етті. тағы бір хадисінде пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) былай дейді: «Менің үмбетім адасудың үстінде бірікпейді. Жамағат арасында біріне-бірі қарама-қайшы келетін амалды көрсеңдер, көпшілік ұстанған жағына өтіңдер».

Соңғы ғасырлардағы ірі ғұламалардың бірі: «Мұсылмандарды артта қалдырып отырған үш кесел бар. Олар: білімсіздік, өзара алауыздық, кедейлік», – деп атап көрсеткеніндей, бүгінгі күнгі көзі ашық, көкірегі ояу мұсылмандардың елге деген жанашырлығы, ұлтжандылығы – мұсылмандық құндылықтармен сусындауында жатыр.

«Бүлік шығару – кісі өлтіруден де ауыр күнә», – делінген қасиетті Құранда. Бұл аят ел ішіне іріткі салып, тыныштықты бұзудың қандай үлкен қылмыс екенін білдірсе, «Күмәнсіз, мұсылмандар бір-бірімен бауыр»,- деген келесі бір аят әрбіріміздің ел бірлігіне үлес қосу керектігімізді паш етіп тұр. Яғни, бір-бірімізге бауырластық танытып, достық пейіл білдіріп, өзара тату-тәтті болсақ, ол Қазақстанның тұтастығы мен тұрақтылығына қосқан өз үлесіміз болмақ. Бұл үшін ел мұсылмандардың ұйымшылдығы мен ауызбіршілігі ауадай қажет. Бір елдің нанын жеп, бір жердің суын ішіп отырғандықтан мұсылман мұсылманға қаталдық танытпай, бауырмалдығын көрсетуі тиіс. Бұл – Исламның бұйрығы.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадистерінде: «Мұсылмандар бір-бірін мықтап ұстап тұрған қабырға тәрізді»; «Мүміндер бір-бірін жақсы көруде, жан ашуда, бір-біріне мейірімділік танытуда бір мүшесі ауырғанда басқа мүшелері қосыла сыздайтын дене тәрізді»; «Уа, Алланың құлдары! Бауыр болыңыздар! Мұсылман – мұсылманның бауыры. Оған әрқашан қол ұшын береді. Өзінен төмен көрмейді. Тақуалық деген осында. Адамға мұсылман бауырын қор санауы күнә ретінде жеткілікті», – делінген. Сол себепті қиналғанда бір-біріне қол ұшын созып, әрдайым көмекке әзір тұру, бір-бірін жақын тарту – бүгінгі мұсылмандарға жетіспей жатқан нәрсе деуге болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөздерінің бірінде: “Діни фанатизм нанымның кеңдігінен емес, шынайы мәдениеттің кемдігінен шығады”, - деген болатын. Сондықтан да асыл дінімізде қандай да бір экстремистік, террористік, сепаратистік бағыттарға жол берілмейді. Ислам – бейбітшілік пен татулық, келісім діні.

Ахметжан қажы Керімбек, ҚМДБ

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика