+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
17.12.2016 в 17:18

Шымкент медресе-колледжінде шәкірттер арасында уағыз айтудан жарыс өтті

Шымкент қаласында орналасқан ҚМДБ-на қарасты Шымкент медресе-колледжінде Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с) Мәуліт мерекесіне және Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шәкірттер арасында уағыз айтудан жарыс ұйымдастырылды.

Жарысқа төрелік ету үшін ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, директор Талғат Әсембай, Анарқұл Сырмановтар арнайы келіп қатысты.

Жарыста орын алған жеңімпаздарға өкілдіктің арнайы дипломы мен қаржылай сый-сияпат берілді.
Жалпы, аталмыш оқу ордасының әкімшілігі шәкірттердің шешендік қабылетін дамыту мақсатында уағыз айту сайысын ай сайын өткізіп тұруды ұйғарып отыр.

Айта кетейік, қасиетті Мәуліт мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар рухани шаралар өтіп жатыр. Мәселен, күні кеше Мақтарал ауданындағы «Нұғман» мешітінде Құранды мәнерлеп оқудан жарыс өтті. Бұл шараға жеті жасар баладан жетпістегі қария ақсақалдарға дейін қатысқан болатын. Жарыс шарты бойынша «Дұха» сүресінен төмен қарай «Нас» сүресіне дейін жамағаттың қырағаты мен тәжуиді және оқуы назарға алынды.

Құптан намазы оқылғаннан кейін жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Алғаш екі мешіт жамағатына ынталандыру сыйлығы берілді. 2 және 3-ші орындарды қалалық «Нұр Алла» мешіті жамағаты алса, 1 ші орынды Атакент кентіндегі «Қанайұлы Көбей қажы Әкбар ата» мешіті жамағаты шәкірті иеленді. Және де ең жас мешіт жамағаты ретінде «Нұғман» мешітінің 2 шәкірті қаржылай сыйлыққа ие болды. Бұл шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика