+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
10.04.2017 в 17:05

ЭКСПО билеттері Шымкентте сатылымға шықты

2017 жылдың 10-шы маусымынан 10-шы қыркүйек айлары аралығында «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрмесіне арналған билеттерді енді Шымкент қаласында да сатып алуға болады, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Қалалық әкімшіліктің мәліметі бойынша, «Recommended by EXPO-2017» бағдарламасын іске асыру мақсатында, сондай-ақ туроператорлармен «ЭКСПО-2017» көрме билеттерін турпакеттердің құрамына қоса сатуды қамтамасыз етілді.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттер сатылымы бойынша ақпаратты https://tickets.expo2017astana.com сайтынан алуға болатындығын назарға жеткізе отырып, Көрме билеттерін жеңілдетілген түрде темір жол кассаларынан да алуға болады.

«Shymkent Plaza» сауда орталығында  «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған билет сататын касса ашылды. Көрме билеттерінің онлайн-сатылымы, «Казпочта», «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларынан, және «Жаңа талап» туристік ұйымынан сатып алуға мүмкіндік бар.

Билеттер сату жөнінде жалпы ақпарат:

«ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрмесіне арналған билеттерді  сатып алушыларға әртүрлі бағадағы билеттердің бірнеше түрі қолжетімді болды – жұмыс және демалыс күні мерзімі нақтыланбаған немесе нақтыланған билет.

Билеттің әр түрі бағасымен ғана емес, көрмеге кіру шарттарымен де ерекшеленеді. Жұмыс немесе демалыс күнге нақтыланған мерзімі бар билетпен Көрмеге билетте көрсетілген күні ғана кіруге болды.

 Ал мерзімі нақтыланбаған билет көрмеге кез келген күні баруға мүмкіндік береді (билетте «демалыс» немесе «жұмыс» күніне арналғаны көрсетіледі).

Мерзімі нақтыланбаған билет сатып алған жағдайда, сізге электронды поштамен сатып алуды растайтын құжат жолданады – «Сатып алуды растау». Аталған «Сатып алуды растау» құжатын міндетті түрде нақтыланған мерзімі бар билетке айырбастау қажет. Ол әрекетті Көрмеге баруға жоспарланған күннен бір күн бұрын билет сату сайтында ашылған жеке кабинет арқылы немесе ЭКСПО-2017 көрмесіне билет сататын ресми кассаларда істеуге болады. Аталған қызмет 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап қолжетімді болады.

ЭКСПО-2017 көрмесінің билет құны 4 мыңнан 8 мың теңге аралығында.

Сонымен бірге, Көрмеге Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, жетім балалар және 6 жасқа дейінгі балалар еркін кіретін болады.

Сондай-ақ, зейнеткерлер, көп балалы аналар, студенттер мен оқушылар үшін арнайы жеңілдікті билеттер қарастырылған.

2016 жылдан және 2017 жылдың 9 маусымына дейін билеттерді алдын ала сату іске қосылды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика