+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
12.04.2017 в 17:25

Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстары 2018 жылы аяқталады

Бүгін ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев арнайы іс-сапармен Оңтүстік Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды NewTimes.kz. Ведомство басшысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ең алдымен Шымкент мұнай өңдеу зауытына атбасын бұрып, мұндағы жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның басшылығы министрге жобаның бірінші кезеңі бойынша атқарылған механикалық жұмыстардың аяқталып, екінші кезең нысандарында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесі туралы баяндады. Бүгінде «ПетроҚазақстан» мұнай өңдеу зауытындағы құрылыс жұмыстарына 4 мыңға жуық маман тартылған. Оның бір мыңдайы қазақстандық мамандар.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде еліміздегі үш бірдей мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Ал Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстарының аяқталу мерзімі 2018 жылдың бірінші жартжылдығына жоспарланып отыр.

«Әрине, үш зауытты жаңғырту жұмыстарына қыруар қаржы бөлініп отыр. Яғни, жаңғырту несие ресурстарын тарту және аталған зауыттардың өз қаржысы есебінен жүргізілуде. Жалпы жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталса, еліміздегі бензин сапасы жақсарып, дизель және керосин өнімдерінің бағасы тұрақтанатын болады. Ең бастысы - 2019 жылы Қазақстан Ресей бензиніне тәуелділіктен арылып, еуразиялық одақтың талаптарына сай өнім өндіре бастаймыз», - деді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, бүгінде Ресей Федерациясынан ішкі нарыққа тасымалдың 30 пайыздық тәуелділігі бар. Егер 70 пайыздық  тұтынушылық біздің үш мұнай өңдеу зауыттарының есебінен қамтамсыз етілсе, 30 пайыз отын сырттан әкелінеді.

 


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика