+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
16.05.2017 в 17:06

Шымкентте қылмыстық құқықбұзушылық дерегі 7,4 пайызға төмендеген

Шымкент қаласында өткен жылы тіркелген қылмыстық құқықбұзушылық дерегі алдыңғы мерзімдермен салыстырғанда 7,4 пайызға төмендеген. Оның ішінде, әсіресе, аса ауыр және ауыр қылмыстар саны едәуір азайып отыр деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шымкенттегі құқықбұзушылықтардың статистикасын жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан арнайы жиын барысында айтып берді. Аталған қызметтің құрылғанына биыл бір жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстар мен алға қойған мақсаттар жайында Д.Мейірхан есеп берді.

Әл-Фараби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейрханның есепті кездесуіне қала әкімі аппаратының басшысы Рашид Аюпов, қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Сала басшысының айтуынша, қала аумағындағы құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға бағытталған шаралар өз нәтижесін беріп келеді. Бір жылдың ішінде құқыққорғаушылар түрлі бағыттағы 87 рейдтік шарасын ұйымдастырған. Өткен кезеңдермен салыстыра алғанда, кісі өлімі – 8,8 пайызға, денсаулыққа ауыр зиян келтіру – 6,5, зорлау – 48, қарақшылық – 30, бұзақылық деректері 24,5 пайызға төмендепті. Дегенмен, сала басшысы азаматтардың мас халде жасаған қылмыстарының саны едәуір артып отырғанын да атап өтіп, қынжылыс білдірді. 

«Қазіргі таңда тіркелген жалпы қылмыстардың жартысынан көбін мүліктік қылмыстар, оның ішінде, бөтеннің мүлкін ұрлау деректері құрауда. Бұл ретте, әрбір төртінші ұрлық ұялы телефонға қатысты болып отыр. Дегенмен, деректерді ашу көрсеткіші 56,7 пайызға жақсарғанын да баса айтқым келеді», – деді Данияр Мейрхан.

Жарыссөзге шыққан қалалық мәслихат депутаты Ермек Дәрменов қаланың шалғай орналасқан елдімекендерінде жол-патрульдік полиция қызметін жиі жүргізуді ұсынды. Ермек Аманжолұлының пікірінше, осы арқылы құқықбұзушылық деректері жиі орын алатын аумақтарды тұрақты бақылауда ұстауға болар еді.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің студенті Талғат Есжанов ерікті жастардың қызметін, мүмкіндігін мейлінше кеңінен пайдалану қажеттігін жеткізді. Олүшін де жоғары оқу орындарында құрылған жастар ұйымдарының белсенділері қолданкелген көмегін ұсынуға әзір. 

Мұнанөзге де, өзұсыныс-пікірлерін айта келген азаматтар әсіресе, пәтер ұрлығының, ұйымдаса жасалған қарақшылық әрекеттердің жиілеп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.

«Қазіргі таңда, облыс орталығында прокуратура қызметінің бастамасымен «Қауіпсіз қала» жобасы жүзегеасуда. Мақсат – қалааумағындағы құқықбұзушылық деңгейін төмендету. Бұл бағытта, көпқабатты тұрғын үйлерді жүйелі бақылауға алу мақсатында 479 бейне бақылау қондырғысы жұмыс істеуде. Әсіресе, бұған дейін жиі сынға алынып келген «Нұрсәт» және 8-шағын аудандарда бақылау күшейтілді. Сонымен қатар, ватсап әлеуметтік желісі арқылы «көршілер бақылауы» жобасы да қолға алынды. Әл-Фараби және Қаратау аудандары бойынша 44 көпқабатты үйде әлеуметтік желілер байланысы жүйеге қойылған», – деді Д. Мейрхан.

Айтылған сын-ұсыныстарға орай тиісті жауап берілді. Яғни, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету бағытында бүгінде 149 азамат «полицияның қоғамдық көмекшісі» ретінде тіркеліп, қызмет етуде. Отбасылық-тұрмыстық қатынастағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында, «Қауіпсізқала», «Құқықтықтәртіп», «Қадағалау», «Тұрмыс», «Шартты» жедел сауықтыру іс-шаралары жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрады. Нәтижесінде, бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар саны – 18, ал отбасы-тұрмыстық қатынастағы қылмыстар саны – 25 пайызға төмендеген.

Дегенмен, өткен жылда кәмелетке толмағандар қолымен жасалған қылмыс көрсеткіші 48,4 пайызға өсіпті.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі аппаратының басшысы Рашид Аюпов саладағы өткен мерзімде атқарылған жұмыстарды оң бағалай отырып, полиция қызметіне алдағы уақытта тұрғындардың үлкенсенімі мен жауапкершілігі артылатынын жеткізді. Бастысы, сала мамандарының осы жолда күткен үдеден шыға білеріне сенім білдірді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика