+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
18.05.2017 в 15:47

Шымкентте қымызханалар саны артып келеді

Қазақтың ұлттық сусындарға деген құрметі әрдайым ерекше. Шымкентте дәл осы ұлттық сусындарға деген сұраныс та артып келеді деп жазады жергілікті БАҚ өкілдері. Қаланың төрт ауданы бойынша да жыл бойы құнарлы тағамдар сатылып жатыр: қымыз-қымыран, айран, боза, сары май, құрт, қаймақ, сүзбе, көже дейсіз бе, бәрі бар. Мұндайда ағарған ішуге құмартатындар  көбейеді.

Рас, бойды да, ойды да сергітетін ұлттық сусындарға деген құрметіміз артпаса, кеміген емес. Өткен жылы Арғынбеков пен Бәйдібек би даңғылы қиылысынан «Сыбаға» дәмханасының ашылғанын оқырмандарға хабардар етіп едік. 

Қазір қымыз-қымыран сатудың өз ережесі бар. Шымкент қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру орындарын белгілеу туралы қала әкімдігінің Қаулысы шыққан. Бүгінгі таңда қаланың төрт ауданында ұлттық сусын сататын 25 киіз үй бар. Оның ішінде: Абай ауданында – 8 (Асқаров, Өтегенов, Т.Рысқұлов көшесінде), Әл-Фараби ауданында – 3 (А.Байтұрсынов, Ш. Қалдаяқов көшесінде), Еңбекші ауданында 6 – (Жібек жолы, Сайрам және Жолан батыр көшесі, Қ. Жандарбеков гүлзарының жанында) және Қаратау ауданында – 9 орыннан («Нұрсәт» шағынауданында №2,81, 126,132, 212 үйлердің жаны, «Асар», «Бозарық» шағынауданында) адам қарасы үзілмейді. 

Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімі сауда секторының меңгерушісі Қайрат Базарбековтың айтуынша, жалпы қалада 157 көшпелі сауда орны заңды түрде жұмыс істейді. Қазақтың оюлы киіз үйлерінен бөлек, дәмханалар мен сауда дүңгіршектерінде де қымыз-қымыран сатылуда. 

«Өткен жылдың тамыз айында қабылданған Қаулыға сәйкес, кәсіпкерлер заң шеңберінде жұмыс істеп жатыр. Азаматтар да қаланың тазалығын сақтау жауапкершілігі зор екенін ұғынып келеді. Ұлттық сусындар сататын орындар да көбейген. Кей жағдайда халықтың сұранысын қанағаттандыру бойынша да көшпелі сауда ұйымдастырылады. Мәселен, облыстық онкологиялық аурухананың жанынан түйе сүтін сататын орын ашылды», – дейді ол. 

Бұл орайда қандай қиындық болса да, ұлттық сусындарды дәріптеп жүрген кәсіпкерлердің еңбегін атап өткен жөн. Ұлттық құндылықтарымызды үзбей насихаттап, қала тұрғындарының алғысын арқалап жүрген кәсіпкер қауымына айтар алғыс мол.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика