суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Ақтөбелік террористердің әйелдері хиджабтарын шешіп, жұмысқа орналаса бастады

Былтыр Ақтөбеде лаңкестік жасап, бірнеше адамды атып өлтірген террористердің әйелдері қоғаммен араласа бастады. Олардың кейбірі хиджабтарын шешіп, жұмысқа орналаса бастаған. Бұл тураы aktobetimes.kz порталы мәлімдеп отыр.

Хромтау ауданының әкімдігі радикализммен және жұмыссыздықпен күресу мақсатында аудан орталығынан арнайы тігін цехын ашқан. Мұнда лаңкестердің әйелдері - барлығы 10 адам жұмысқа орналасты.

Кәсіпті үйрену үшін олар бұған дейін 2,5 ай бойы колледжде тегін білім алыпты. Ал, тігін машинасы мен басқа да материалдарға әкімдіктен 1,5 млн теңге қаржы бөлінген. Цехта негізінен жұмыс қолғаптары мен балабақшаның көрпе-жастық тыстары тігіледі. Жұмыс ұжымына басшы ретінде сол он әйелдің бірі тағайындалған. Оның күйеуі қазір түрмеде лаңкестік жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр.

Жергілікті билік өкілдері әйелдердің діни көзқарастарының өзгергеніне сенімді. Қазірдің өзінде келіншектер хиджабтарын шешіпті. Айтуларынша, кейбірі дәстүрлі дінге де көше бастаған.

Бүгінгі таңда Хромтау ауданында радикалды діни ағымдардың қатарында 70-ке жуық адам бар. «Олардың 16-сы дәстүрлі дінге кері қайтты» дейді аудан әкімі Аманғали Бердалин. Қазір ауданда тек үш қыз ғана мектепке орамалмен қатынап жүр. Әкім жаңа жыл басында оқушылардың барлығы дерлік мұндай діни атрибуттардан түбегейлі бас тартады дегенді сеніммен айтты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0