четверг, 18 апреля 2024 г.
icon
448.89
icon
477.93
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Ғ.Әдбірахымов: «Шымкент басқа қалаға ұқсамайды, ұқсауы да керек емес» (ВИДЕО)

Шымкент қаласы бір аптадан бері әкімсіз отыр. Өткен аптаның басында экс-әкім Ғабидолла Әбдірахымов «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметіне ауысуына байланысты орынтағын босатқан болатын. Енді әкімнің міндетін уақытша оның орынбасарлары атқарып отыр.

Ал, Әбдірахымовтың өзі болса Шымкентті басқарған 2 жылдан астам уақытта шымкенттіктерге қатты бауыр басып қалғанын айтып, бірнеше рет сұхбат беріп үлгерді. Айтуынша, Қазақстанда дәл Шымкент секілді қала жоқ көрінеді.

«Елбасымыз айтты ғой, өмір адамға бір рет беріледі. Оны Шымкентте сүру керек. Шымкенттің өзінің характері бар. Шымкенттің ерекше жүрегі бар. Шымкенттің өзінің дәстүрі бар. Сондықтан Шымкент ешқандай қалаға ұқсамайды. Ұқсауы да керек емес», - деп, өзін сол қалада қызмет атқарғанына бақытты екенін айтты.

Еске салайық, Шымкентке әкім болған уақытта Ғабидолла Әбдірахымов жұмысқа велосипедпен, автобуспен барып, жұрт назарын өзіне аударған болатын. Сондай-ақ, ол қызметінен кетер алдында өз қызметкерлеріне қызметтік көлікпен жүруге уақытша тыйым салып, барлығын автобусқа отырғызған еді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0