+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
23.05.2018 в 15:21

Кәсіпкерлерді қолдау: Шымкент әкімі ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесінің жабылмайтынын айтты

Шымкенттегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жалғаса береді. Қала әкімдігінде өткен жиында шаһар басшысы Нұрлан Сауранбаев осындай шешім қабылдады. Басқосуға жәрмеңке сатушыларының белсенді тобы мен құқық қорғау органдарының өкілдері де қатысты.

Жәрмеңкені жабу мәселесінің қозғалуына себеп – қоғамдық денсаулық басқармасы мен ветеринария бөлімі мамандарының хаты. Құжатта жазғы уақытта тез бұзылатын өнімдерді тиісті жағдай жасамай сатуға қатаң тыйым салынғаны көрсетілген еді.

- Демалыс күнгі жәрмеңкелер барлық дерлік қалаларда бар. Мен мұндай жәрмеңке өз жұмысын жалғастыра берсін деп есептеймін, - деді қала әкімі жиында. - Бірақ, санитар мамандардың тиісті талаптары бар, одан айналып өтуге болмайды. Сондықтан ет-сүт өнімдері тез бұзылмас үшін тиісті жағдай жасау керек. Себебі, сатушыларға қолайлы жағдайдан бұрын біз алдымен сіздерден өнім сатып алатын қала тұрғындарының қауіпсіздігін ойлауға тиіспіз.

Жәрмеңке сатушыларының белсенді тобы бұл талаппен келісті. Бұған қоса олар тәртіпке өзіміз жауап береміз деп сендіріп отыр: «Біздің тоңазытқыштарымыз бар. Оларды жәрмеңке орнына жеткіземіз. Бізге үлкен шатырлардың қажеті жоқ. Оларды құрып-жинау өте қиын. Өзіміздің шатырларды алып келейік. Жәрмеңкенің орнында өзіміз жинап кетеміз. Бұған қоса жәрмеңке талабы бойынша тез бұзылатын өнімдерді сатуға тыйым салынғанын білеміз. Ал алыпсатарларға келер болсақ, олар көп емес. Жағдайлары жоқ болған соң сонымен айналысады».

Сонымен, қала әкімі ТҮКШ бөліміне жәрмеңке орнына электр жарығын жеткізуді қарастыруды тапсырды. Сонда сатушылар тоңазытқыштарын қосып, генераторларды пайдаланбайды.

- Қалаға жәрмеңке қажет. Біріншіден, оған қалалықтар үйреніп қалды. Өнімдерді базар нарқынан 10-15% арзан сатып алып жүр. Екіншіден, сатушыларға әкімдік тарапынан тегін орындар берілген. Ал, барлық талапты сақтамаған сатушылар жәрмеңкеге жіберілмейді, - деген Шымкенттің әкімі бір айдан бері созылған дауға нүкте қойды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика