Ақбота Керімбекова тыңдармандарын өзінің үшінші күйеуімен таныстырмақшы (ВИДЕО)

Эстрада әншісі Ақбота Керімбекова үшінші күйеуін таныстырмақшы. Бұл туралы танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің Instagram-парақшасында жазды.

Таныстыру отандық телеарналардың бірінің эфирінде болады. Әнші жаңа күйеуін студияға алып шығып, журналистке сұхбат береді екен. Сұхбат барысында ерлі-зайыптылар отбасылық өмірі мен шығармашылық жайында айтады. Тіпті, Ақботаның күйеуі Рауан қызды болу үшін емделіп жүргендерін де сөз еткен.

Аталған бағдарлама эфирге 24 қазан күні шығады. 

Айта кетейік, биыл тамыз айының соңында Ақбота Керімбекова үшінші рет ақ көйлек киіп, үйлену тойларын дүркіретіп өткізген болатын. Бұған дейін екі рет тұрмыс құрған әнші бұл сәтсіздіктерді Алланың сынағына балап, бұған дейінгі күйеулерінің тек Ақботаның ақшасына қызығып үйленгендерін айтқан болатын.

Loading...

13 июля, понедельник