×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
10.07.2015 в 23:02

Оңтүстік Қазақстан облысында 4,5 мың иран тұрады

Бүгiнде Оңтүстiк Қазақстан облысында 4,5 мыңнан астам иран тұрады. Елiмiздегi иран этномәдени бiрлестiгi де осы Оңтүстiк өңiрде ғана бар.

Қазақстанды атақонысына айналдырған этностар туралы әңгiмелегенде сөзiмiздiң төркiнi депортация ұғымынан бастау алатыны белгiлi. Алайда, ирандардың Қазақстанға келу тарихы мүлде басқа. Тағдырлары да түрлi-түрлi. Ол туралы облыстық иран этномәдени бiрлестiгiнiң төрағасы Нурсбек КАПАР-ПУР былай дейді:

-- Қазақстанға қалай келгенiмiз жайлы үлкендерден естiп өстiк. Ирандықтар мұнда үш кезеңде келген. Алғашқы көш 1905 жылдарға дейiнгi аралықта қытай-парсы арасындағы сауда жолымен, екiншi көш 1932 жылдар шамасында ашаршылық кезеңiнде келген деседi. Бұл екi көшке де ортақ ұқсастық — ирандар ешқандай қысымсыз, өз ерiктерiмен, қазақ даласына сауда жасау мақсатында отбасыларымен келген. Ал, үшiншiсi, бiздiң әкемiз келген көш. Олар саяси ойынның құрбандары.

Кейiпкерiмiз үшiншi көштiң тарихын кеңiнен баяндады. Нурсбек Курбанұлының айтуынша, екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында «үлкен үштiктiң» Иран мұнайына қатысты саясаты күрделене түседi. Сөйтiп, ел iшiне iрiткi салып, Иран әскерi ел билiгiне қарсы көтерiлiске шығады. Барлау қызметi көтерiлiстiң алдын алып, шах әскерi келе жатқанын ескертiп, көтерiлiсшiлердi басады. Осы тұста Кеңес өкiметiнiң сенiмдi өкiлi ретiнде М.Богиров Иран әскерiн Әзiрбайжанның шекарасына өткiзедi. Шах әскерi келгенде Иран әскерi шекара асып кеткен едi. Кейiннен Иранның Әзiрбайжанмен шекаралас бөлiгiне Ресей билiк жасайды.

-- Командирдiң бұйрығына бағынған екi мыңнан астам сарбаз ерiксiз Әзiрбайжан территориясына өтiп кетедi. Олардың қатарында менiң әкем Курбан Гафар-Пур да бар едi. Олардың арасында елге қайтамыз деп бас көтерген 700 азаматты алғашқыда Архангельскiнiң Ухта қаласына жер аударып, кейiннен ауа райының қолайсыздығын ескерiп, Түркiменстан мен Өзбекстанға көшiруге шешiм қабылдайды. Суықтан аман қалған алты жүзден астам иранға қазақ жерiне қоныстану бұйырыпты. Алайда, бiр ай жүрiп  Арыс стансасына жеткенде оларды аудан-ауданға бөлiп тастайды. Бұл ирандықтар саяси эмигранттар болып аталды, -- дейдi Нурсбек Курбанұлы.

Оңтүстiкке келген ирандарды жүк көлiгiне сыйғанынша 40-50 кiсiден мiнгiзiп, Бәйдiбек, Шардара, Арыс, Сарыағаш, Қазығұрт, Сайрам аудандарының ауыл-ауылдарына жiбередi. Шөп ору, қора тазалау, құдық қазу сынды қара жұмыстармен күнелткен ирандарды қазақ шаңырақтары 4-5 азаматтан бөлiп алып, қамқорлықтарын аямапты. Ал, алғашқы саудамен келген ирандар Ордабасы және Мақтаарал ауданында шоғырланған.

Н.Капар-Пурдың әкесі Бәйдiбек ауданына түсiптi. Қазақ отбасылары оған қамқорлық көрсеткен екен. Ол кісі Иранға алғаш рет жетпiсiншi  жылдардың тұсында, арада 38 жыл өткен соң барыпты. Алайда, ата-анасын көре алмай, қос бауырымен ғана табысып үлгередi.

Бүгінде Н.Капар-Пурдың шаңырағын шағын Ассамблея деуге болады. Н.Капар-Пурдың әпкелерi қазақ, татар, ұйғыр ұлтының азаматтарына тұрмысқа шықса, өз қыздары өзбек ұлтына келiн болып, ұлы қазақ қызымен шаңырақ көтерiптi.

Елiмiздегi ирандардың көпшiлiгi шаруашылықпен, қолөнермен, ұсталықпен айналысады. Қолөнер олардың ата кәсiбi десек болатындай. Кейiпкерiмiздiң айтуынша, Ирандағы ауылдардың өзiнде бiр қабатты үйлер бола бермейді. Себебi, әрбiр отбасы үйдiң екiншi қабатында өздерi тұрса, бiрiншi қабатында  шеберханасы болады. Қыздары кiлем тоқиды, ағашты бедерлеп, жиһазға ою ояды. Ерлерi өз ұстаханаларында темiрден түйін түйіп, қажетті құрал-саймандар жасайды.

Ал, ирандықтардың мәдениетi мен әдебиетiнiң өзi бiр әлем. «Шираз қаласының саябағында Хафиздiң еңбектерi баяу оқылып тұрады. Ол — Шымкенттегi Абай саябағы iспеттi саябақ. Онда спирттiк iшiмдiк iшiп, темекi шеккен бiр жанды көрмейсiз» дейдi Нурсбек мырза. Ал, көшеде көлiк қақтығысы орын алып, екi жүргiзушi де аман болса, бiр-бiрiнен кешiрiм сұрасып, ешбiр өтемақысыз тарқасады екен.

Ирандарда жас келiндi бiр апта қолда ұстаған соң, туған-туыс асарлатып баспана тұрғызып, жастарды бөлек шығару дәстүрге айналған. Той-томалақты ерлер мен әйелдер екi бөлек отырып тойлайды. Ал, Н.Капар-Пур қазақы үрдiспен ұлын бөлек шығармай, келiн жұмсап отыр екен.

Самые интересные новости в нашем Telegram-канале


Редакция

Новости Казахстана

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать и перепечатывать материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. ЗАПРЕТ распространяется на все зарегистрированные СМИ, а также паблики в Instagram. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика