×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
13.07.2015 в 23:19

Оңтүстіктегі Ассамаблеяның тұңғыш хатшысы

Сейдахмет Байдәулетов – Оңтүстік Қазақстанда құрылған өңірлік Ассамаблеяның  тұңғыш хатшысы. Оның айтуынша, шамамен 25 жыл бұрын тоталитарлық құрылым селкеу тарта бастаған шақта Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері арасында алаңдаушылық пайда бола бастаған.

Сол жылдары түрлі шерулер мен митингілер, қозғалыстар орын ала бастаған Осы кезеңде болашағына күмәнмен қараған өзге ұлт өкілдерінің бірқатары тарихи отандарына көшті. Ал, Қазақстанды «Отаным» деп санайтын этностар қоныс аудармай, өздерінің ұлттық-мәдени орталықтарын құруға кіріскен. Алғаш болып 1989 жылы корей, түрік, еврей, өзбек, татар-башқұрт, кейіннен 1990-1995 жылдары славян, грек, күрд, поляк, тәжік, ұйғыр қоғамдары мен ұлттық-мәдени орталықтары құрылыпты.

Бұл мәдени орталықтарға Олег Ан, Петр Хан, Зияддин Хасанов, Рамазан Ламаев, Махаматрасул Исақов, Валиахмет Мавлютин, Георгий Читириди, Нина Харлампиди, Жангир Давронов, Борис Рузанов, Станислав Тарнопольский, Сатыбалды Салимов, Жұмагелді Егембердиев есімді, өз ортасында қадірлі азаматтар жетекшілік жасаған.

- Олар қиын-қыстау кезеңде өз диаспораларын сабырға шақырып, ел тыныштығын сақтай білді. Олардың бірі – ауылшаруашылық маманы, келесісі – партия қызметкері, депутат, үшіншісі – оқу-ағарту саласының үздігі еді. Бір сөзбен айтқанда, әрқайсысы өз саласының білгір, білікті аға буын өкілдері болатын. Міне, осы тұлғалар алмағайып кезеңде өңірде тыныштықты сақтап, бірлікті қорғай алды. Азаматтық үлестерін қосып, жол сілтеді.

Күрделі кезеңде халқымыздың тұтастығын қамтамасыз ету, ортақ мүддеге біріктіру мақсатында ҚР Президенті 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Облыстарда Кіші Ассамблеялар ашылып, оған ұлттық-мәдени орталықтар өкілдерінің мүше болуы тапсырылды. Бұл көптеген этнос өкілдеріне қалың тұманнан жол таппаған жанның алдынан жанған шамдай әсер етті. Күпті көңіл орнына түсті,  - деп еске алады Сейдахмет Байдәулетов.

Осыдан соң, ұлттық-мәдени орталықтардың, қоғамдардың жұмыстары үйлестіріліп, бір салаға әкелетін органның жұмысына қажеттілік туды. Сөйтіп, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің аппаратында Ассамблеяның атқарушы хатшылығы ашылып, оған өзге бөлімдермен тең дәрежеде өкілеттілік беріліпті. Сейдахмет Байдәулетов 1995 жылдың 16 сәуірінде  хатшылыққа басшы болып тағайындалыпты.

Оның мәлімдеуінше, 1995 жылы облыстағы ұлттық-мәдени орталықтардың саны 11-ге жеткен. Наурыз айында Елбасы Н.Назарбаев өңірге іс-сапармен келіп, ұлттық-мәдени орталықтардың төрағаларымен С.Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйінде кездесу өткізеді.

- С.Сейфуллин атындағы 1200 орындық кинотеатр 1994 жылы облыс әкімі Зауытбек Тұрысбековтың өкімімен мәдени орталықтарға беріліп, «Достық үйі» деп аталған-ды. Мұндай қолдауды республикада алғаш рет Оңтүстік өңірі жүзеге асырған еді, - дейді Оңтүстіктегі Асамблеяның тұңғыш хатшысы.

«Достық үйіндегі» жүздесуде Елбасы Ассамблеяның мақсат- міндеттеріне тоқталып, ұлттық-мәдени орталықтардың төрағаларымен пікір алмасыпты. Шаңыраққа құтты болсын айтып, еліміздің тұтастығы мен халқымыздың бірлігіне жемісті жұмыс жасауға тілектестігін білдіріпті

- 1995 жылы Ассамблея сессиясынан соң  Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы ретінде алғашқы жұмыс сапарын Оңтүстіктен бастауы бізге үлкен шабыт берді. Ынтымақ пен бірлікті нығайтуға жұмыла кірістік. Еңбегіміз жемісін бере бастады. Көршілес Жамбыл мен Қызылорда облыстарындағы әріптестеріміз  тәжірибе алмасты. «Ақиқат» және «Мысль» журналдарының бетінен көріне бастадық. Елдегі тыныштық пен бейбітшілікті, рухани келісім мен ұлтаралық ынтымақты нығайтуга белсене атсалысып үлес қосқан азаматтарға облыс әкімі «Бауырмал» сыйлығын тағайындады. Бұл орны мен атауы ерекше сыйлықтың алғашқы иегерлері, Ассамблея мүшелері -- М.Исақов, П.Хан, Р.Ламаев, Н.Харлампиди, А.Жакалаев және БАҚ өкілдері -- С.Гельфанд, Б.Қонысбеков, М.Байғұт, Н.Троценко, А.Утяганов, Ю.Кунгурцев еді. Бұл сыйлық Оңтүстіктің «брендіне» айналды, - деп еске алады С.Байдәулетов.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика