×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
19.07.2015 в 23:48

Оңтүстікте өзге ұлттардың 69 пайызы қазақ тілін біледі

Халқы тығыз қоныстанған Оңтүстікте жүзден астам ұлт тұрады деп есептеледі. Облыстағы 2 621 523 адамның 72,6 пайызын қазақ ұлты құрайды. Қазақ ұлтынан кейінгі үлкен диаспора – өзбектер, олар 16,5 пайызды, орыстар--5,1 пайызды, тәжіктер--1,2 пайызды, әзірбайжандар--1,1 пайызды құраса, қалған 3,5 пайызы өзге ұлт өкілдері.

Өзге ұлт өкілдерінің 83,4 пайызына мемлекеттік тілді және өз ана тілдерін оқып-үйренуіне толық жағдай жасалған. 20 этномәдени орталықтың төрағаларымен өзара қарым-қатынасты нығайту мен іс-шаралар өткізу жөніндегі меморандумға қол қойылған.

Өзге ұлт өкілдерінің 69 пайызы мемлекеттік тілді меңгерген. Мемлекеттік қызметшілердің 95,6 пайызы мемлекеттік тілде іс-қағаз жүргізе алады.

Сонымен қатар Ассамблеяның облыстағы филиалының меңгерушісі  Тұрсынкүл Құрманбаеваның айтуынша, облыс деңгейінде жиырма ұлттың мәдени орталықтары жұмыс істеп жатыр. Бұл орталықтардың аймақтағы қала, аудандарда 71 филиалы бар. 
«Оңтүстіктің Қазақстандағы басқа облыстардан бір ерекшелігі, мұнда «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық аймақтағы барлық ұлт өкілдерінің басын біріктіріп отырады. Аймақта басқа облыстардағыдай қазақ ұлттық мәдени орталығы жоқ. Өйткені облыс халқының 70 пайыздан астамы қазақтар болғандықтар мұндай орталықты қажетсінбейді», − дейді ол.  
 

Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика