×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
20.08.2015 в 23:50

Оңтүстікте 143 мектепте өзбек ұлтының өкілдері өз ана тілдерінде дәріс алуда

Оңтүстік Қазақстан облысында  143 мектепте өзбек ұлтының өкілдері өз ана тілдерінде дәріс алуда. Оның ішінде 86 мектеп қазақ-өзбек, орыс-өзбек аралас мектептері болса, 57 мектеп таза өзбек тілінде шәкірттерге білім нәрін себуде. Жалпы, бүгінгі күні облыс қалалары мен аудандарында аталмыш ұлттық-мәдени орталықтың 13 филиалы жұмыс істейді. Бұл туралы ОҚО өзбек ұлттық-мәдени бірлестігінің төрағасы Икрам Хашимжанов мәлім етті.

Оның мәлімдеуінше, ОҚО өзбек ұлттық-мәдени орталығының құрылғанына  биыл 25 жыл толып отыр.

- Біздің орталықтың да негізгі міндеттері – өзбек тілін, мәдениеті, өнерін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухани құндылықтарды барынша нығайтып, одан ары дамыту. Бүгінде Қазақстанда тұратын өзбектер саны жарты миллионды құрайды. Соның ішінде, әсіресе өзбектердің анағұрлым көп шоғырланған аймағы Оңтүстік Қазақстан облысында олар қазақтардан кейін екінші орында болса, республика бойынша үшінші орында. Облыстық этномәдени орталығы олардың қызметін үйлестірумен қатар оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, - деп атап өтті ол.

Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының айтуынша, бұл этноорталықтың басқалардан басты ерекшелігі -  Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ішіндегі аз ұлттар істері жөніндегі комиссарларымен (комиссарлар Ван де Стул, Кнут Воллебек) орталық келісімге келіп, арнайы келісімшарт арқылы жұмыс жүргізуді қолға алғандығы. Этномәдени бірлестік төрағасы мұны  мақтан ететінін де жасырмады.

Самые интересные новости в нашем Telegram-канале


Редакция

Новости Казахстана

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать и перепечатывать материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. ЗАПРЕТ распространяется на все зарегистрированные СМИ, а также паблики в Instagram. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика