×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
24.08.2015 в 23:12

Оңтүстіктегі ахысха түріктерінің 95 пайызы қазақ тілін біледі

Оңтүстіктегі ахысха түріктерінің 95 пайызы қазақ тілін біледі. Бұл туралы ОҚО түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы  Латипша Асанов мәлім етті.

Оның мәлімдеуінше, бүгінде облысымыздағы ахысха түріктерінің саны 70 мыңнан асады. Олардың басын қосатын ОҚО түрік этномәдени орталығы 1999 жылдан бері жұмыс істейді.

– Біздің Отанымыз – Қазақстан. Осында туып, осында өстік. Еліміздің дамуы үшін аянбай еңбек етеміз. Мен қай жерде жүрсем де, кездескен адамдарға мақсатымыздың ортақ болуы керектігін айтамын. Бірлік болса ғана, іс алға басады. Біздің елде тұрақтылық пен тыныштық орнаған. «Жұмыс істеймін» деген адамға барлық жағдай жасалған. «Жұмыс жоқ»  деп екі қолын жайып отыратын адамдарды түсінбеймін, - дейді ол.

Латипша Асанов Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстан халқы ассамблеясының XXII сессиясында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту туралы ұсынысын қолдайтынын білдірді.

Бұл  өзге этнос өкілдері мен жергілікті халықтың арасын  бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түседі деп есептейді.

- Сонау Грузияның Ахысха жерінен жан-жаққа шашылған ахысха түріктерінің саны бүгінде дүние жүзі бойынша 550 мың адамнан асады. Әлемнің 11 елінде қоныстанған ахысха түріктерінің 200 мыңы Қазақстанда тұрады. Біздің елдегі олардың саны өзге мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда көп. Ахысха түріктері: қазақ халқымен түбіміз бір, Қазақстан – бабажұртымыз, Түркия – анажұртымыз,- дейді.

ОҚО түрік этномәдени орталығының ішінен түрік тілін үйрететін жексенбілік мектеп ашылған. Онда тек ахысха түріктері ғана емес, кез-келген ұлттың өкілі түрік тілін үйренуіне болады. Облыстағы ахысха түріктерінің дені шағын және орта кәсіппен, мал және егін шаруашылығымен айналысады. Араларында дәрігерлер, заңгерлер мен мұғалімдер де көп.

Түрік этномәдени орталығы Түркиядан Қазақстанға инвестиция тарту ісіне де атсалысады. Түркиялық инвесторларды Қазақстанға шақырады. Қазақстанда инвесторларға жасалатын жеңілдіктерді түсіндіреді.

ОҚО түрік этномәдени орталығы көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуды әсте доғарған емес. Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен жұртшылыққа 500 мың теңге көлемінде қаржылай көмек жіберді. Мұның алдында Батыс Қазақстан мен мына Ордабасы ауданындағы су тасқынының ортасында қалған отбасыларға, Қызылағаш апатында қиындыққа душар болған адамдарға да қаржылай жәрдем берді. Қорғансыз қалған қарт пен асыраушысынан айырылған жетімге қамқорлық көрсетіп келеді.

Самые интересные новости в нашем Telegram-канале


Редакция

Новости Казахстана

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать и перепечатывать материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. ЗАПРЕТ распространяется на все зарегистрированные СМИ, а также паблики в Instagram. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика