×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
11.10.2015 в 23:49

Оңтүстікте 11 жексенбілік мектеп жұмыс істейді

Қазіргі таңда, облыс көлемінде 12  телеарна, 3  радио, 9  ақпараттық сайт, 175  газет, 37  журнал тұрақты жұмыс жасауда. Осынау 236 бұқаралық ақпарат құралдарының 148-і қазақ, 27-сі орыс, 9-ы өзбек,  42-сі қазақ-орыс, 1-і қазақ-түрік, 6-ы қазақ-орыс-өзбек, 3-қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде шығарылады.

Жергілікті телеарналардың «Отаным – бақыт ордасы», «Бүгінгі әңгіме», «Жастық жанары», «Ел сөзі», «Казахстан – наш общий дом», «Утренний гость», «Юртимиз жамоли» телебағдарламаларына облыстық ассамблея хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, этномәдени бірлестік төрағалары қатысып отырады. Облыстық басылымдарда арнайы айдарлар ашылып,  этносаралық тақырыптарда мақалалар тұрақты жариялануда.

Облыстық «Южный Казахстан» газетінің ай сайын шығатын «Шаңырақ» атты қосымшасында облыс ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің тыныс-тіршілігі туралы  материалдар тұрақты түрде жарияланып отырады. 

Өңірде 1022 мектеп бар, оның ішінде 19 мектепте - өзбек тілінде, 4 мектепте – тәжік тілінде, 9 - мектепте орыс тілінде, 249 мектепте аралас тілдерде білім алады (оның ішінде: орыс – 135, өзбек – 106, тәжік – 8).

Этномәдени бірлестіктер жанында 11 жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Жексенбілік мектептермен қатар этномәдени бірлестіктер жанынан ақсақалдар кеңестері және  жастар қанаттары құрылған. Этномәдени бірлестіктерінің беделді мүшелері туралы мәліметтер базасы жасақталған. 

Облыста «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Достық» мұражайы, облыстық қазақ, орыс, өзбек драма театрлары әрекет етеді.

Қазақстан халқының достық фестивалі, «Рождество», «Қазақ романсиадасы» халықаралық конкурсы, «Играй, гармонь!», «Сабантуй», тілдер фестивалі, «Офарин», «Масленица», «Шыңырақ шаттығы» отбасы фестивалі, Этнос күндері, Неміс мәдениетінің облыстық фестивалі, Славян жазбасы және мәдениеті күні, сонымен қатар  ұлтаралық келісімді сақтауға бағытталған басқа да көптеген іс-шараларды өткізу дәстүрге айналды. Сонымен қатар мемлекеттік тілді насихаттау, дамыту және  оның қолдану аясын кеңейту мақсатында өзге этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тілді білу парызың», «Көп тілді білу – баға жетпес байлық», «Тілдарын» және басқа да конкурстар өткізіліп тұрады. 

Самые интересные новости в нашем Telegram-канале


Редакция

Новости Казахстана

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать и перепечатывать материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. ЗАПРЕТ распространяется на все зарегистрированные СМИ, а также паблики в Instagram. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика