×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
14.09.2015 в 23:26

«Оңтүстік – достық мекені» жобасы аясында кездесу өтті

Кентау қаласы Кентау көпсалалы колледжінің кітапханасында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында «Оңтүстік – достық мекені» жобасының ІІ кезеңі өтті.

Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жастарға түсіндіру, этносаралық татулықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған кездесуге ОҚО әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ этносаралық қатынастар бойынша эксперт  Ақбота Тұрғымбаева, ОҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім КММ-нің қоғамдық-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Исмаилов Сейдулла Кеңесұлы, Кентау қалалық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Бекметов және инспекторлары Айзада Кеналиева, Махаббат Мамуджанова, Нұрсұлтан Абуов және колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

- ҚХА аясында мұндай көлемді реформа бұрын жүргізілген емес. Бұл дегеніміз Ассамблеяның шын мәнінде жалпы халықтың саясаттан жоғары орган болғанын көрсетеді, - деді ОҚО әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ этносаралық қатынастар бойынша эксперт  Ақбота Тұрғымбаева.

Ақбота Сейдалықызы Оңтүстік Қазақстан облысындағы және оған қарасты қалалар мен ауылдардағы түрлі ұлттық мәдени орталықтардың, жексенбілік мектептердің жұмыс істейтінін айтып көрсетті.

Ал Сейдулла Кеңесұлы Қазақстан Ассамблеясын түсіндіріп өтіп, Ассамблеяның 20 жылдығына арналған бейнеролик көрсетті.

- Қазіргі уақытта Ассам­блея­ның мәртебесі жоғары деңгей­ге көтеріліп, ол шын мәнін­де жалпыазаматтық және сая­си институтқа айналды. Ассам­блея этносаралық қарым-қаты­нас­тарды нығайтуға, мәде­ниет­ті, тілдерді дамытуға қатыс­ты мәселелермен ғана емес, Қа­зақ­стан халқының біртұтастығын нығайтумен айналысатынын түсінуіміз керек. Ассамблеяның жұмысы бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін үйлестірумен байланысты болып келеді, - деп атап өтті Сейдулла Кеңесұлы.

Этносаралық татулықты нығайту, Ұлттық алауыздықты алдын-алу жайында сөз қозғалып, жастарды көп тілді меңгеруге және құрметпен қарауға шақырды. 


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика