×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
06.10.2015 в 23:48

«Ұлы дала елі» экспедициясы Оңтүстіктегі жұмысын қорытындылады

Шымкент қаласындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтерген облыстық «Отырар» кітапханасында «Ұлы дала елі» экспедициясы  жұмысына арналған ауқымды шара ұйымдастырылды, - деп хабарлады "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі.

«Ұлы Дала елi» экспедициясы кiтапханада зиялы қауым өкiлдерiмен кездесiп, келелi әңгiме өткiздi. Облыс әкiмi аппараты басшысының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушiсi Мұратәлi Қалмұратов акцияға орай кiтаптар сыйға тартты. Iзгiлiктi шарадан соң топ мүшелерi дала парламентi – Мәртөбеде болды. Қасиеттi жердiң елдi бiрлiкке жетелеудегi орны айрықша.

«Облыс аумағында бірқатар тарихи орындарда болып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізген экспедиция жұмысы оңтүстік өңірінде нәтижелі ұйымдастырылды деуге болады», - деді М.Қалмұратов.

Азғантай күннiң iшiнде экспедиция мүшелерi оңтүстiктегi тарихи мәнi ерекше қасиеттi орындарды аралап шықты.

«Сапар барысында анық көз жеткiзген дүниемiз – бiзде iшкi туризмдi дамытуға сұранып тұрған өңiрлер көп-ақ екен. Тамыры тереңде жатқан қасиеттi оңтүстiк өңiрi мақтанышпен айта алатын мәдени мұраларға өте бай. Түркiстан болсын, Отырар, Ордабасы, Созақ, Бәйдiбек, Сайрамдағы қасиеттi орындар туризмдi түлетуге таптырмас жерлер. Қазынаның бiр бүйiрiн осы жолмен-ақ еселеуге мүмкiндiк бар. Алайда, қолда бар дүниенi қажетiмiзге жаратып немесе өскелең ұрпаққа насихаттауда ақсап жатқан тұсымыз аз емес сыңайлы. Ол үшiн iшкi туризмнiң басым бағыттарын анықтап, өңiрлердегi туристiк  инфрақұрылымдарды дамыту қажет. Бұл бастамаларға ат үстiндегi азаматтар мен билiк басындағылар қолдау көрсетсе, нұр үстiне нұр болар едi», - деп атап өтті «Ұлы дала елі» экспедициясы.

Осылайша «Ұлы Дала елi» экспедициясының Оңтүстiк Қазақстан облысындағы iзгiлiктi сапары қорытындыланып, күнделiк-кiтап Меркi ауданына жеткiзiлетiн болды.

 

Самые интересные новости в нашем Telegram-канале


Редакция

Новости Казахстана

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать и перепечатывать материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. ЗАПРЕТ распространяется на все зарегистрированные СМИ, а также паблики в Instagram. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика