×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
07.10.2015 в 23:56

Оңтүстік халқы "Бірлігі бекем ел" қойылымын тамашалады

Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын түрлі ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орай орыс драма театрының алдында бас қосып, «Бірлігі бекем ел» атты театрландырылған қойылымын  тамашалады.

Туындыда қазақ елінің кешегісі мен бүгіні сипатталады. Сондай-ақ, қойылым арқылы ел халқының бірлігі мен ынтымақтастығын анық аңғаруға болады. Театрландырылған көріністен соң қатысушылар драма театр алаңындағы көрмені тамашалады. Онда түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдары көпшілікке ұсынылды. Әр ұлттың ұлттық астарынан дәм ауыз тиген облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов көпшілікті айтулы тоймен құттықтап, өңірде орналасқан этно-мәдени орталық басшыларын Алғыс хаттармен марапаттады. Көрме соңы мерекелік концертке жалғасты. Атап өтерлігі, бүгінгі іс-шара «Оңтүстік – достық мекені» жобасы аясында өтті. Ол өңір жастарының ұсынысы бойынша әзірленген. Жоспар бойынша алдағы уақытта аталған жобаға сай жас ақындар айтысы ұйымдастырылады.

Кез-келген мемлекет үшін қоғамдық келісімнің маңыздылығы ерекше. Халық үшін бейбіт заманда мамыражай өмір сүруден артық ешқандай бақыт жоқ. Сондықтан елімізде татулық пен тұрақтылыққа тәуелсіздік алған жылдан бастап, ерекше мән беріліп, 1992 жылдың желтоқсанында өткізілген Қазақстан халқының бірінші форумында Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясында алғаш рет Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқан болатын.

Осыдан ел тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі 1995 жылы 1 наурызда Елбасының бастамасымен және ранайы жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бірліктің берекелі бесігіне айналған іргелі ұйым бүгінгі күні еліміздегі татулық пен тұрақтылықты қалыптастыруға айрықша үлес қосып, биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл!

Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Жастар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен "Оңтүстік - достық мекені" жобасы аясында түрлі этнос өкілдері өнерпаздарының қатысуымен "Бірлігі бекем ел" атты театрландырылған қойылымы өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ерлан Қуанышұлы Айтаханов қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын атаулы мерекемен құттықтады.

Самые интересные новости в нашем Telegram-канале


Редакция

Новости Казахстана

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать и перепечатывать материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. ЗАПРЕТ распространяется на все зарегистрированные СМИ, а также паблики в Instagram. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика