×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
12.10.2015 в 23:57

«Оңтүстік – достық мекені» жобасы аясында түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті

Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қаламыздағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында «Оңтүстік – достық мекені» жобасы аясында өзге ұлт өкілдері мен жастардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды, - деп хабарлады Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысының орынбасары Заңғар Үсіпахметов, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Сейдулла Исмаилов қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясының  жылы аясында еліміздегі ішкі саяси тұрақтылық пен ынтымақ бірлікті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, достық қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығы, кемел болашақты қалыптастыруда жастардың рөлі туралы баяндамалар жасалды.

«Біз облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бо¬йынша әр ауылдың, ауданның немесе қаланың тұрғыны болсын, өзінің осы елдің тең құқы¬лы азаматы екенін сезінетін тетіктерді қалыптастыруға жұмыс істейміз. Сондай-ақ, насихат мекте¬бі аясында әр азаматтың туған елі туралы тебіренісін оятатын жобаларды ұсынамыз. Қазақ-стандықтардың әр буыны өкілдерінің отаншылдығы туралы материалдарды жинақтаудамыз. Жігерлі, жаңашыл жастардың мүмкіндіктерін пайдалануды да ұмытпауымыз тиіс. Мәселен, пиар-байқаулар арқылы олардың қабілетті жобаларын таңдауға, қоғамға енгізуге болады», – деді «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысының орынбасары Заңғар Үсіпахметов.

Ұлтаралық татулықты нығайтудың маңыздылығын ашатын бейнеролик көрсетілді. Кездесуге қатысқан жастар көкейлеріндегі сұрақтарды қойып, тұщымды жауаптар алды.

«Мемлекет басшысының 100 нақты қадамымен танысқанымда, аталған құжатта барлық сала қамтылғанын байқадым. Оның ішінде мемлекеттік аппарат, үкіметтік емес ұйымдар, экономика, көші-қон, құқық қорғау және мәдениет сынды өмірімізге қажетті барлық салалар бар. Бұл бірегей әрі өте қажетті бағдарлама. Қазіргі жаһандық сын-қатерлерге толы кезеңде әлемнің жетекші сарапшыларының Қазақстанның 100 нақты қадамын зерттеп, зер-делеуі кездейсоқтық емес. Еліміз¬дің ішкі жағдайында, халық¬аралық қоғамдастықтың тұрақсыздығы және дағдарыс кезеңінде қабылданғандықтан, бұл дер кезінде жол көрсеткен құжат болды деп ойлаймын. Өйткені, жалпы адами және экономикалық құндылықтар тұрғысынан аталған бағдарлама уақыт тынысын дөп басып тұр, – деді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Сейдулла Исмаилов.

Кездесу соңында естелікке суретке түсіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттық қолдаулар көрсетті.

Самые интересные новости в нашем Telegram-канале


Редакция

Новости Казахстана

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать и перепечатывать материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. ЗАПРЕТ распространяется на все зарегистрированные СМИ, а также паблики в Instagram. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика