×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
20.10.2015 в 23:28

Оңтүстікқазақстандықтар патриоттар форумынан оралды

Өткен аптада Астана қаласындағы «Қазақстан» киноконцерт залында өткен «Мәңгiлiк Ел – Болашағы Бiртұтас Ел» атты республикалық патриоттар форумы азаматтардың отансүйгiштiк сезiмiн паш еттi. Айтулы iс-шараға қатысқан қоғам қайраткерлерi, Парламент депутаттары, өнер, шығармашылық, өзге де салалардың өкiлдерi, азаматтық секторлар мен этномәдени орталықтар, БАҚ өкiлдерi, жастар қазақстандық патриотизмнiң жарқын үлгiлерiн өнеге етiп, отансүйгiштiк, елжандылық қасиеттердiң мәнiн жас ұрпаққа ұғындырғандай болды. Бiз аталған форумға қатысқан бiрқатар жерлестерiмiздiң пiкiрiн назарларыңызға ұсынамыз.

Рабиға ҚУАТБЕКОВА, Қазақстан инженерлiк-педагогикалық Халықтар достығы университетiнiң ректоры:

– Маған форум аясында өткен «Жыл патриоты» байқауы жеңiмпаздарының салтанатты шеруi ерекше әсер еттi. Онда әйгiлi әншi Бибiгүл Төлегенова («Руханият шыңы» аталымы), ғарышкер Айдын Айымбетов («Менiң елiм»,) кәсiпқой боксшы Геннадий Головкиннiң анасы Елизавета Головкина («Ана жүрегi»), кәсiпкерлер Ерлан Алин («Ерен еңбек»), Әйбек Бектұрғанов («Нұрлы Жол») және басқалар жеңiмпаз атанды. Ал, суға кетiп бара жатқан екi құрдасын құтқару үшiн басын қатерге тiккен батысқазақстандық Никита Тюкиннiң «Ерлiк» аталымы бойынша марапатталған сәтi баршаны толқытты. Менiңше, бiз жас ұрпақты осындай қаһармандарды үлгi ете отырып тәрбиелеуге тиiспiз.

Уәли ҚЫДЫР, «Қазақстан – Шымкент» телеарнасының директоры:

– Бұл форумға ерен еңбегiмен көзге түскен, ерлiгiмен танылған, өз кәсiбiнiң шыңына шыққан елжанды азаматтар қатысты. Айталық, жас бағдарламашы Асхат Мырзабаев қатерлi iсiк ауруымен күрес жөнiнде зерттеу жүргiзiп, сол үшiн әйгiлi «Майкрософт» компаниясынан 2 миллион АҚШ доллары көлемiнде сыйақы алған. Және де сол қаржыны түгелдей қайырымдылық мақсатқа жұмсаған. Асхат бiр жағынан қатерлi ауруға шалдыққан адамдардың өмiрiн сақтауға үлесiн қосса, екiншi жағынан мол қаржыны мұқтаж адамдарға берiп, сауап iс орындады. Ол – шын мәнiнде үлкен жүректi адам. Мiне, патриоттық – дегенiмiз осы. Астанада өткен форум осындай азаматтарды елге танытып, үлгi етуiмен құнды деп ойлаймын.

Самые интересные новости в нашем Telegram-канале


Редакция

Новости Казахстана

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать и перепечатывать материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. ЗАПРЕТ распространяется на все зарегистрированные СМИ, а также паблики в Instagram. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика