Қызылорда облысында мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттау аяқталды - Последние свежие новости - Newtimes.kz

 +7 (7172) 308 571

<
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
26.07.2017 13:03

Қызылорда облысында мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттау аяқталды

Қызылорда облысында мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттау аяқталды

Мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттау аймақта жоғары деңгейде өтті. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы Абзал Мұхимов баяндады.

«Елбасының жолдауына байланысты кәсіби мемлекеттік аппарат құру үшін республиканың барлық жерінде ауқымды шаралар атқарылуда. Сондай ілкімді істер сыр елінде де жалғасын тапты. Соған сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен кәсіби деңгейін жетілдіру мақсатында жыл басында аттестаттау қолға алынды. Жергілікті атқарушы органдардағы 2700 қызметші кешенді аттестациялауға қатысып, 928-і түрлі себептермен босатылған. Қызметтегі ауысымдылық бойынша 60 адам өз еркімен жұмыстан кетіп, өткізілген лауазымдық конкурстардың нәтижесінде аймақтағы мемлекеттік  қызметкерлер саны 192 маманмен толыққан», — деді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы Абзал Мұхимов.

Сондай-ақ, биылдан бастап құқық қорғау органдарына алғаш кіретін азаматтар да тестілеуге міндеттелді. Жаңа заңға сәйкес бірінші рет тестілеуге 331 адам қатысып, оның 120 шекті көрсеткіштен жоғары нәтижеге ие болды.

Войдите через социальную сеть, чтобы оставлять комментарии


Редакция

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать, перепечатывать и распространять на любых ресурсах материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

    Яндекс.Метрика