×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
20.11.2015 в 23:11

Әке болуды анықтаудағы ата-ананың заңды құқықтары мен міндеттері

АХАТ органдарында адамдарды әкесі мен шешесі (асырап алушылар) ретінде жазу және баланың тууы (асырап алынуы) туралы, куәлік беру баланың туғандығын куәландыратын құжаттар болып табылады.

Баланың анасынан туғандығын анықтау, қиындық туғызбайды. Бала туған медициналық мекеменің берген анықтамасы, ал бала медициналық мекемеден тыс жерлерде туған жайдайда - баланы қабылдаған медицина қызметкері толтырған құжат, сондай - ақ куәлардың айғағы және басқа да дәлелдер, соңғысына әдетте медициналық сараптамалар жатады.

Баланың әкесінен туғандығын анықтау бұдан едәуір күрделірек. Бала тіркелген некеден туған жағдайда бала анасының күйеуі болып табылатын адамның әкелік дәлелі әрекет етеді, яғни бұл адам баланың әкесі деп есептеледі. Бала өзара некеде тұрмайтын ата - аналардан туғандығын әкесі жағынан ерікті түрде немесе сот арқылы анықтауға болады.

Әкелігін ерікті түрде тану - әкесі мен анасының АХАТ органдарында бірлескен өтініш беру жолымен жүзеге асырылады.

Әкесінің өз балаларына қатысты құқықтары мен міндеттері бала некеде туылса да немесе бала некесіз туылып әкесі туралы мәліметтері әкелікті анықтау арқылы жазылған болса да теңдей құқылы болып келеді. Кәмелетке толмаған ата - аналардың баласымен бірге тұруға және оны тәрбилеуге қатысуға құқығы бар. Некеге тұрмаған, кәмелетке толмаған ата - аналар олар бала туған жағдайда және олардың ата және (немесе) әке болуды анықталған жағдайда өздері он алты жасқа толғанда ата - ана құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқылы.

Кәмелетке толмаған ата - аналардың жалпы негіздерде өздерінің әке және ана болуын мойындауға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай - ақ олардың он төрт жасқа толғаннан кейін сот тәртібімен өз балаларына қатысты әке болуын анықтауды талап етуге құқығы бар.

Ата -аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті. Ата - аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқықғы бар және оған міндетті. Ата - аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар. Ата - аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата - аналар шешеді. Ата - аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

Осында көзделген ата - ана құқықтары балалары он сегіз жасқа толғанда, сондай - ақ кәмелетке толмаған балалар некеге тұрған кезде тоқтатылады.

Ақтөбе қалалық АХАТ бөлімінің

бас маманы Ж.Б. Исмухамбетова


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика