пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
14oC
1xadv
×

Қызылордалық полицей: «Брат, ренжімеші, қателесіп тоқтатыппын» (ВИДЕО)

Жұрттың күлкісіне қалатын әрекеттерімен танылып жүрген полицейлер саны азаяр емес. Бұл жолы қызылордалық шенді Қазнеттің жұлдызы болды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Желіде тағы бір полицейдің ерсі әрекетінің видеосы пайда болды. Онда көлік тоқтатқан құқық қорғау қызметкері жүргізушінің «құжаттарыңызды көрсетіңіз» деген талабын ести сала, ат тонын ала қашады. Тіпті «қателесіп тоқтатыппын» деп дереу көлігіне отыра кетеді. Алайда көлік жүргізушісі де айтқанын қайтпайтын қайсар екен, көлігінен түсіп, қызметтік көлікте отырған полицейге барады да, құжатын сұрайды. Ең қызығы, осы сәтте орын алады. «Брат, ренжімеші» деп құтылмақ болмақ болған погондағы қызметкер көлігін оталдырып, зу ете қалады. Патрульді көлік қызылордалық екені байқауға болады.

Құжатын көрсете алмаған полицейдің әрекеті көпшіліктің таңданысын тудырды. Видео авторына «жарайсың» деп баға берген желі қолданушылары құжатсыз жүрген шенділердің бұл әрекетін заңға қайшы деп балап, өздерін жауапқа тарту керектігін ескертті. Ал кейбірі полицейге жанашырлық танытып, бәлкім құжаты үйіне қалып кеткен болу керек деп ақтап әлек болды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0