пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Қарағандыда араққа тойған ана бала салынған қоларбасын итере алмай, құлап қалды (ВИДЕО)

Бұл оқиғаны куәгерлер бейнекамераға түсіріп, Instagram әлеуметтік желісінде жариялады. Онда орта жастағы әйелдің мас күйде бала салынған қоларбасын итере алмай тұрғанын анық көруге болады. Тіпті, ол тепе-теңдікті сақтай алмай құлап қалған.

Ал, бейнекамераға түсіріп тұрған куәгер әйел болса оны: «Қандай анасың? Ең құрығында балаға тамақ бер. Соған мүмкіндігін бар шығар?!» деп сөгеді. Алайда, аяғында әзер тұрған мас әйел балағат сөздер айтып, жөніне кетті.

Айта кету керек, елімізде соңғы уақытта ата-ана құқығынан айрылған әйелдердің саны артып барады. Оған Интернетте баласын қараусыз қалдырған, аяусыз ұрып-соққан видеороликтердің көптеп пайда болуы әсер етіп отыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0