пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Ақтөбелік полицейлер ірі жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні іздеп жатыр (ВИДЕО, ФОТО)

Ақтөбе қаласының іргесіндегі Ақжар-2 ауылында ірі жол көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан 3 адам ― екі ересек және бір кішкентай бала зардап шеккен. Ал, олар мінген көлікті соққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кетіпті.

Жол апатынан кейін түсірілген видеоролик instagram әлеуметтік желісіндегі aktobe_zello парақшасында жарияланды. Онда қос бірдей ВАЗ көліктерінің соқтығысқаны анық көрінеді. Видеокамераға түсірген куәгердің айтуынша, жүргізушінің жанында тағы бір жолаушысы болған, екеуі де ізін суытып үлгеріпті. Олар мінген көліктің ішінен алкогольдің иісі шығады дейді ол.

Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі болған жайтты растады. Мамандардың айтуынша, оқиға қарашаның 13-не қараған түні болған екен.

«Лада автокөлігіндегі 31 жастағы жүргізуші мен 37 жастағы жолаушы және 7 жасар бала болған. Олар ауруханаға жеткізілген. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 345 бабы бойынша қылмыстық із қозғалды. Іздестіру, тергеу амалдары жүріп жатыр», ― дейді баспасөз қызметіндегілер.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0