воскресенье, 19 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
17oC
1xadv
×

Мақпал Исабекова екінші перзентіне Библиялық кейіпкердің аты беретінін айтты

Бүгінде екінші перзентіне аяғы ауыр әнші Мақпал Исабекова болашақ сәбиіне қандай есім бергісі келетінін айтты. Өнер иесі бұл жолы да қазақша ат таңдамағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/makosyai
Фото: instagram.com/makosyai

Мақпал Исабекова Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Желідегілердің бірі өнер иесінен екінші баласына қандай ат қойғысы келетінін сұрады.

Әнші перзентіне есім таңдап қойғанын айтты. Ол болашақ сәбиіне библиялық кейіпкердің атын беруге ниетті екен.

«Ат таңдап қойдым. Ол қазақша есім емес. Иврит (ежелгі еврей) тілінен алынған. Кейбір ақпараттарға сәйкес, бұл есім исламда да, христиан дінінде де кездеседі. Библиялық (інжіл) кейіпкердің есімінен шыққан», - деп жазды Исабекова.

Айта кетейік, шоу-бизнес жұлдызы тұңғышына Теодор деген есім берген болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 9
Мне все равно 8
Забавно 1
Сочувствую 3
Возмутительно 21