Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі сахнаға крест тағып шықты

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
06.11.2017 в 15:32

Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі сахнаға крест тағып шықты

Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі сахнаға крест тағып шықты

Алматыда өткен «Гəкку дауысы» фестивалінде «Джейран» тобының мүшесі Алтынай Жолдыбаева сахнаға крест тағып шықты. Өзіндік образы үшін жиі сынға қалатын танымал әнші бұл жолы да көрерменнің ащы сынынан құтыла алған жоқ.

«Жүрекке жылу» əнін орындау сəтінде Алтынайдың сахнаға «крест» тағып шыққаны айқын көрінеді. Бұл әншінің сахналық образы ма, әлде діни наным-сенімі ме, ол жағы белгісіз. Дегенмен, әлеуметтік желілерде Алтынайды тыңдармандары «жерден алып, жерге салды». Бірі «өзіне назар аудару үшін әдейі крест тағып шыққан» десе, өзгелері «шоқынып кеткен» дегенді де жазып жатыр. Алайда, Қазақстанда діни наным-сенім бостандығы бар екенін де естен шығармау керек. Яғни, кімнің қандай дін жолын ұстануы өз еркінде, тек радикалды ағым болмаса болғаны. Ал, өзгенің діни сеніміне қол сұғу заңмен қудалануы да мүмкін.

Айта кетейік, «Джейран» тобының мүшесі Алтынай Жолдыбаева танымал әнші Камшат Жолдыбаеваның туған сіңлісі болып келеді.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика