KazTimes

 +7 (7172) 308 571

Написать нам

Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының бірқатар қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Талдықорған қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан 2 тұрғын үй құрылыстарына рейд ұйымдастырылды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен орман, дала өрттерінің алдын алу туралы жиын өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz. Осы тақырыпқа байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғаныс полковнигі Дарын Байсариев баяндама жасады.

Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында облыс бойынша 590 оқушы «Алтын белгі» белгісіне ие болды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

«Жастарға қызмет көрсету орталығы» ғимаратында «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары «Жетісу тарландары» командасымен кездесу өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Алматы облысында Бірыңғай ұлтты тестілеуді 9872 мектеп бітіруші тапсырады. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың төрағалығымен селекторлық режимде өткен жиын барысында белгілі болды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Алматы облысының 6 мемлекеттік қызметшісі «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапаталды, деп хабарлайды NewTimes.kz. Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында мемлекеттік қызметші күніне орай өткізілген салтанатты жиында белгілі болды.

Әрбір жүргізушінің және жаяу жүргіншінің өмірінде әкімшілік айыппұл төлейтін жағдайлар кездесуі мүмкін. Айта кету керек, бүгінде айыппұл сомасы да аз емес. Ал кез келген азамат салынған айыппұлды толығымен бірден төлей алмайды, деп хабарлайды NewTimes.kz. Сол себепті, қандай уақытқа дейін айыппұлды төлеу керектігі жөніндегі сұрақтар жол қозғалысына қатысушыларды қызықтыруы мүмкін.

22 маусым күні Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты шара болып өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

22 маусым күні Қызылорда қаласында «Қазақстанның үздік тауары» атты өңірлік көрме-байқау болып өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тауар өндірушілер көрмесімен танысты және отандық өнімдерді қолдау үшін бұл байқаудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

23 маусымды - Мемлекеттік қызмет күніне орай «Жастарға қызмет көрсету орталығы» ғимаратында алғаш рет «Білікті мемлекеттік қызметкер – ел тірегі» атты жас мемлекеттік қызметшілер слеті өтті, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Аймақаралық ынтымақтастық - өркендеу өрісін кеңейтудің тиімді тетігі. Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облыстары ортақ құны 20 млрд теңгеден асатын 9 меморандумға қол қойды. Бұл Амандық Баталов бастаған Жетісулық делегацияның көрші өңірге жасаған 2 күндік сапарының жемісі. Екі жақты келісім-шарттар экономика, әлеумет, қоғамдық және мәдени-спорттық салаларды қамтиды. 

20 маусымда Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалды кешенінде «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында Этноауылдың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

21 маусым күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.  Тәртіп сақшыларына «Toyota Corolla» маркалы су жаңа 69 автокөліктің кілттерін табыс етті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Шымкенттегі «Алькамед» ЖШС-нің 50-ге жуық қызметкері ұйымшыл отбасы сияқты. Интернационал әрі жоғары білікті ұжым мүшелері бір-бірін ерекше құрметтейді. Сондай-ақ өздері еңбек ететін, 2016 жылдың ұлттық бизнес-рейтингі бойынша даму қарқыны жағынан Қазақстан кәсіпорындары арасында «Сала үздігі» атанған компанияны мақтан тұтады. Ал «Алькамед» компаниясының құрылғанына небәрі төрт жыл болды.

Шымкенттегі «Барыс-2007» серіктестігі өз өнімдерін шетел нарығына шығаруда. Кәсіпорын тұтынушыларға макарон өнімдері менкондитерлік тәттілерін ұсынады. Қолжетімді бағадағы өнімдер әлемдік брендтерден еш кем түспейді.

Түсқағаздағы, тоқыма бұйымдарындағы «3 D» өрнек қай елдің нарығында болмасын, мықты сұранысқа ие болғаны анық. Осыны ескерген шымкенттік фабрика «3 д» нәскилерін шығаруда, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Жасанды жолмен көк шөп өсіру технологиясы Шымкентке де жетті. KazAgro Green компаниясы небәрі бір аптаның ішінде жасыл шөп өсіріп шығарады. Шіліңгір шілденің аптап ыстығы ма, әлде қытымыр қыстың қақаған аязы ма, бұл мекемеге шөп өсіру ешқашан қиындық тудырған емес.

12 маусым күні Қызылорда облысының актив отырысында  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Артур Нығметов аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қызылорда облысының құрмет грамотасымен марапатталды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

19  маусым күні Қызылордада  облыс әкімі Қ.Көшербаевтың,  «KAZAKH  INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Біржан Қанешевтің және Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының  орынбасары Ольга Когайдың қатысуымен Байқоңыр қаласында кәсіпкерлік пен туризмді дамыту мәселелеріне арналған  «Байқоңырда бизнес жасау мүмкін бе?» атты  ІІ халықаралық интернет-форум өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

15 маусымда Қызылорда қаласында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен бірыңғай төлем құжатын енгізу мәселелеріне арналған жиын болып өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

17 маусым күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Президенттік, халықаралық және республикалық пән олимпиадаларының, ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары, дарынды оқушылармен кездесті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

17 маусым күні  Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев актив отырысында облыстық соттың жаңа төрағасын таныстырды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

17 маусымда Қызылорда қаласында медицина қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара болып өтті, деп хабарлайды  ИА «NewTimes.kz». Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев денсаулық сақтау саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың  жоғары жетістіктерін атап өтті.

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында қала мен ауылдық жердегі мектептер арасындағы аражігін жоюды тапсырды. Жалпы, Елбасы үнемі білім саласына ерекше көңіл бөледі. Бұл әсіресе аудандар мен шалғайдағы ауылдардың көтерілген әлеуетінен айқын аңғарылуда, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев 2017 ж. 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру» - деп атап өтті. Қызылорда облысында жастардың жарқын болашағы үшін, яғни олардың сапалы білім алып, қалаған мамандықтарын игеруіне барлық жағдай жасалып отыр.

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында ел экономикасын қарқынды дамыту мақсатында жергілікті және сыртқы туризм саласын дамыту жөнінде тапсырма берді. Осы орайда, қасиетті Сыр өңірінде шетелдік қонақтарды қызықтыратын сырлар жетерлік. Мәселен, Қызылорла облысының Қармақшы ауданында орналасқан Шірік-Рабат қалашығының маңында көзешілердің ауылы табылды, деп хабарлайды аудан әкімдігі.

«Қайнар – АКБ» компаниясы аккумулятор батареяларын шығаратын отандық тауар өндіруші болып табылады, деп хабарлайды NewTimes.kz. Ол тек батареялардың құрамы мен бөлшектерін құюды ғана емес, оны дайын өнім етіп шығаруда. Осы және өзге де компания жетістіктерімен таныстыруға келген «Қайнар-АКБ» ЖШС Бас директорының экономика жане каржы жөніндегі орынбасары Тусупбаева Салтанат Серікқызы, Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз отырысына қатысып, баяндама жасады.

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында инновациялық технологиялармен қатар өнеркәсіп, АӨК, көлік және логистика, құрылыс секторы секілді дәсүрлі салаларды дамыту керек деп атап өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz. Осы орайда Қызылорда облысында ауыл шаруашылықты әртараптандыру, оның ішінде мал шаруашылығын дамыту бойынша ауқымды жұмыс жасалды.

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде жаза мерзімін өтеуші сотталған азаматтар орта, кәсіптік- техникалық білім және де ақылы еңбекпен қамтылуда. Осы орайда, «Колониядағыларды жұмыспен қамту-2017» жобасын іске асыру мақсатында Қызылорда облысының түзеу мекемесінде 518 жазасын өтеуші азаматтардың 79 пайызы ақылы еңбекпен қамтамасыз етілді. ЗК-169/5 мекемесінде жаңадан кірпіш күйдіру зауыты ашылды.

5 маусым күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймаққа жұмыс сапарымен келген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаевамен кездесті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Страница 1 из 9

Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика