понедельник, 20 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Ұлы Отан соғысы батырларының есімін қанша қазақстандық алған

Ұлы Отан соғысына 79 жыл болғанына орай ұлттық статистика бюросы атақты майдангерлердің есімдерін қанша қазақстандық алғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Батырлардың ішінде ең көп қойылған есім Әлия екен.

Бауыржан

Қазақстанда 43 540 адам Бауыржан есімін алып жүр. Бұл – аты аңызға айналған қолбасшы-панфиловшы, Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының есімі.

Әлия

Әлия есімді 10 416, ал Алия деп жазылған 56 862 қыз-келіншек бар. Кеңес Одағының батыры, мерген Әлия Молдағұлованың есімі.

Мәншүк

Кеңес Одағының Батыры атағын алған тұңғыш қазақ әйелі, пулеметші Мәншүк Мәметованың атына орай Қазақстанда 5979 әйелге осы есім берілген.

Хиуаз

Елімізде 591 адам Хиуаз есімін алып жүр. Бұл есім қазақтың тұңғыш ұшқышы, Ұлы Отан соғысының ардагері, 588-түнгі бомбалаушы-атқыштар полкінде соғысқан Хиуаз Доспановаға тиесілі еді.

Қасым
Қазақстанда 5091 адам Қасым және Касым есімдерін алып жүр. Жазушы әрі қаһарман Қасым Қайсеновтің есімі еді.

Талғат
Талғат және Талгат есімдері бар 46 916 қазақстандық бар. Бұл – атақты ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының батыры атанған Талғат Бегелдинов.

Рақымжан

Елімізде Рақымжан, Рахымжан, Рахимжан есімді 8455 адам тұрады. Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың атына аталған.

Сағадат

Қазақстанда Сағадат Нұрмағамбетовтің есіміне орай Сағадат және Сагадат есімді 3139 адам бар.

Жеңіс

Жеңіс немесе Женис деген атпен  11 123 қазақстандық тіркелген. Ал Победа есімді 23 адам бар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0