пятница, 3 мая 2024 г.
icon
443.37
icon
474.49
icon
4.83
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
14oC
1xadv
×

Құран Кәрімдегі көркем мінез

Құран Кәрім-бүкіл адамзат атаулыға жіберілген бір кітап. Қай ғасырда болмасын мұқтаждықтары мен қажеттіліктеріне жауап бере алатын шындықпен данышпандыққа толы.

Құран Кәрім-Пайғамбарымыздың ең ұлы да мәңгі мұғжизасы. Сөздері мен мағанасы әрі қамтитын ұлы ақиқаттармен теңдесі жоқ мұғжиза.

Құрандағы көптеген аяттар ғылыми ақиқаттарды түсіндіреді. Білім күннен- күнге дамыған сайын Құранның аяттары дұрыс болып шығуда, ешқандай аят ғылымға қарсы келмейді.

Он төрт ғасыр бойы бірде-бір сөз түгіл нүктесі өзгермеген. Құран бүгінде өзінің қиссаларында ғылым мен білімнің әртүрлі салаларынан хабар беріп, сонысымен шынында ол Аллаһ Тағаланың сөзі екенін дәлелдейді. Құранда ғылымның салалары бойынша күрделі мәселелер туралы айтылған және де Құранның түсуіне он төрт ғасыр болса да қазіргі күнге дейін оның қиссаларындағы ғылыми хабарлар эмбриология, физиология, астрономия, геология және метереологиядағы жаңалықтармен толық сәйкес келеді. Пайғамбарамыз Хазіреті Мұхаммедке Құран түскен кезде арабтардың үлкен бөлігі сауатсыз болған. Бұл кезде білім жағынан алда болған Рим және Парсы цивилизациялары еді. Бірақ Құранның түсуі арабтардың тез дамуына күш беріп, оларды ғылым мен білім саласында көптеген табыстарға жеткізді. Осыған мысал ретінде матиматика мен қазіргі күнге дейін арабша атауы ағылшын, орыс және басқа тілдерде сақталған алгебраны алсақ болады. Ал арабша цифралар аз ғана батыс мәнеріне өзгертілген түрде қазір де қолданылады. Өзінің еңбегінде белгілі исламтанушы Уильям Монтгомери Уоот былай деген: «Арабтардың зерттеушілерін, ақыл – ойын, көптеген әдеби және философиялық шығармаларын толық алып қосып қарағанда, Европаның филисофиясы мен ғылымы арабтарсыз қазіргі деңгейге жете алмаған болар еді. Арабтар көне гректердің ақыл – ойын тек қана жеткізіп қана қойған жоқ, соны ары қарай алға алып барып дамытушы болып есептелді. Шамамен 1100 жылы европалықтар арабтардың философиясы мен ғылымына  енді назар аударғанда арабтардың өзінде бұл ғылымдар жақсы дамып, гүлденген шағына жеткен еді. Европалықтардың алға жылжуы үшін ең алдымен арабтардың мәдениетін, ғылымын үйреніп алу керек болды».

Мұсылмандардың ғылымда мұндай жоғары дәрежеге жеткізулерінің сыры дін мен ғылымды қатар алып жүрулерінде еді. Қасиетті Құранның өзі адамзатты ғылым меңгеруге шақырады, ілім үйренуді міндеттейді.

Анық және түсінуге оңай араб тілінде түсірілген Құран жалпы сенім,  ғибадат және ахлақ негіздеріне тоқталған. Адамдардың әлеуметтік, мәдени және экономикалық мәселелерін шешуші ережелер ұсынған. Құранның сөздері үкімдері мен теориялары толық тәртіптелген. Құран Кәрімнің негізі адам.

Адамзаттың бақытты болуын мақсат етеді. Ұсынған мәліметтері, түсініктері мен теориялары нақты ғылым мен санаға сәйкес келеді. Құранда рух, қиямет күні және ажал сияқты тақырыптарды Аллаһқа қалдырады. Адамдарды әлем сияқты ойлауға, болмыстарды зерттеуге және ақиқаттарды ашуға шақырады. Еліктеу және жалқаулықтан құтылуға кеңес береді. Тарихты және тарихи оқиғаларды тура және ақиқат жағын көрсетіп үйретеді. Адамдардың дүниеде өмір сүру тәсілдері мен ережелерін анықтайды.

Адам бойындағы ұлы қасиет әрбір адамның мінез – құлқын көркем етуі, отбасы өскен ортасындағы тәлім – тәрбиесімен бірге өзінің де ақыл – парасат, күш – жігеріне, ынта – ықыласына, ең бастысы жаратылысына байланысты. Әке – шешесі, ұстаздары, туған – туыс, құрбы – құрдастары жақсы жандар болып, қаншама ізгі тәлім – тәрбиеде өссе де, санасы, таным – түсінігі таяз, мінезі ұсақ, жан – дүниесі терең сезімсіз, көзқарасы құбылмалы болып өсіп, ержетсе мінезі көркем бола алмайды. Ол неге солай жаратылды?, бұл да бір адам жанының жұмбақ әлемі. Алайда, адамдардың көркем мінезді болуына имандылық жолға түсуінің ықпалы зор.

Алладан көркем, мінез – құлық тілеу:

Қасиетті Құран Кәрімде айтылған жақсы әдептілік сипаттамаларының бәрі Расулуллаһқа (с.ғ.с) тән еді. Сол себепті, Айша анамыздан: «Ей, мүминдердің анасы (р.а.), Расулуллаһтың (с.ғ.с) мінез – құлқы қандай еді?», - деп жалбарынған: «Ия, Раббым! Өзіңнен денсаулық пен көркем мінез – құлық тілеймін. Әрі нәпсіге еруден сақтануды. Өзің мен адамдарға аманатшыл болып, тағдырға разы болуымды сұраймын». (Хадисті Абдуллаһ ибн Амр (р.а.) риуаят еткен).

Иә, біздің Ұлық Пайғамбарымыз қашанда әдептілікке, көркем мінез – қылық танытуға айрықша көңіл бөлген. Содан, айнаға қараған сайын: «Жаратылысымды көрікті еткен Жаратқан Ием, мінезімді де көркем ет», - деп тілепті. Өйтпегенде ше, көркем мінез – өркениет шарттарының бірі, ал Пайғамбарымыздың болса өмір бойы адамзатты өркениетке жетелеп, оған жетудің бір ізгі жолы көркем мінезділік, имандылық екенін үмметіне көрсетіп кетті. Қазір әлем діндерінің қай – қайсы да Құран Кәрімнің Ислам дінін ұстанған мұсылмандардың бәрін көркем мінезділікке үндейтін өсиеттер көп. Сол өсиеттердің жұлдызды бір шоғыры мынандай ғибратты сөздер: «Мұсылманның ішіндегі ең абзалы – мінезі ең жақсысы»,  «Мұсылман көркеммінезділігімен күндізін (нәпіл) оразамен, түнін (нәпіл) намаздармен өткізген адамның дәрежесіне жетеді. Қияметтегі таразыға салынған амалдарды салмақты ететін де көркем мінезділік». «Қиямет күні таразыға  қойылатын нәрселердің ең әуелгісі, жақсы мінез бен жомарттық. Аллаһ Тағала иманды жаратқан кезде, Иман: «Ия, Аллаһым! Мені қуаттандыр, - деді. Аллаһ Тағала оған көркем мінез бен жан жылуын беріп, оны қуатты қылды. Сонда күпірлік: «Ия, Аллаһ! Маған күш бер, - деп сұрады. Аллаһ оған сараңдық пен жаман мінез беріп, қуаттандырды». (Әбу Дәуіт, Термизидан).

Көркем мінез имандылықтан. Адам баласы байлыққа, атақ – даңққа, қымбат дүниеге деген құмарлық сезімін жүрегінен сылып тастап, оның орнын Аллаһқа деген махаббатқа, мейірімділік, адалдық, уәдесінде тұру, кісі ақысын жемеу, біреуді алдап  - арбамау тәрізді ізгі істерге, ақ ниетке толтырса, бұл оның бойындағы ең көркем мінез болып табылады. Ал, жүрегіндегі байлық пен атақ – даңққа, қымбат дүниеге деген құмарлығын ары арттырып, оны қиянатқа, кісіні қорлау, бас мүддесіне пайдалану, жылату тәрізді қара ниетке толтырса, оның зияны өзімен бірге ұрпақтарына тиеді. Және бұл ең лас, ең шірк, жаман мінез – қылыққа жатады.

Көркем мінезді болу үшін:

Мынандай үлкен (ауыр) күнәлардан сақ болыңыз.

Аллаһқа серік қосу.

Адам өлтіру.

Намысты кісіге (адал әйелге де) жала жабу.

Зинақорлықпен айналысу.

Соғыстан қашу (Еліңді қорғау жолындағы).

Жетімнің малын жеу (Біреуге қиянат жасау).

Сиқырлық жасау және жасату.

Ата – ананы ренжітіп (Заңдылық тілектеріне қарсы шығу), қарғысына ұшырау.

Харам істерді жасау.

Парақорлық ( және өсімқорлық).

Ұрлық жасау.

Арақ ішу.

Еркектердің бір – бірімен жыныстық қатынас жасауы (гомосексуализм).

Жалған ант ішу (жалған куәлік беру).

Өсек айту.

Қарақшылық жасау.

Ақша тігіп құмар ойындарға салыну (ойнау).

Зорлық – зомбылық жасау.

Ислам – әдептілік және жақсы мінез діні. Пайғамбарымыз «Жақсы мінездерді дүниеге жаю үшін жіберілдім» - деп бұйырған. Расулуллаһ алейһиссалам тағы «Сендердің иман жағынан кәміл болғандарың мінезі жақсы болып, адамдарға жақсылық жасағандарың» деп тіпті иманды да мінезбен және адамдарға пайдалы болумен өлшеген.

Аллаһу Тағала Құран Кәрімде Пайғамбарымызды «Ақиқатта сен үстем мінез иесісің» - деп бұйырып, мінез – құлқын мақтаған.

Кімде – кім көркем мінезді болса, Расулуллаһ (с.а.с) ның мінезімен безенген болады және оның жолын ұстанған болады. Расулуллаһ алейһиссаламның  көркем мінездері өте көп. Әрбір мұсылманның бұларды үйренуі және бұл мінездерді өзіне тоқуы керек. Осылайша  дүниеде және ақыретте пәлекеттерден, қиыншылықтардан құтылу және екі дүниенің сардарының шапағатына қауышу нәсіп болады.

Пайғамбарымыз мына дұғаны көп оқитын еді:

«Аллаһумма инни әс – әлукәссихатә уәл афийәта уәл – әманәтә уә хуснал – хулқи  уәрридаә билқадари бирахмәтикә йа архамаррахимин». Бұл дұғаның мағынасы: «Ей мейірімділердің ең мейірімдісі Аллаһым, мейіріміңнің хаққы үшін денсаулық, амандық, аманатқа мұқият болуды, көркем мінезді болуды және тағдырыңа разы болуды нәсіп ет!».

Ислам ғалымдары тәрбиеде және көркем мінезде Ислам дінінің байрағы болған және исламды дүние жүзіне осылай танытқан. Пайғамбарымыз «Аллаһу Тағаланың  мінезімен мінездеңіздер!» деп бұйырған. Аллаһу Тағаланың сипаттарының бірі Саттар, яғни күнәларды перделеуші. Мұсылманның да дін бауырының кемшіліктерін жабуы керек. Аллаһу тағала құлдарының күнәларын кешіруші. Мұсылмандар да бір – бірінің кемшіліктерін, айыбын кешіруі тиіс. Аллаһу Тағала – Кәрим, Рахим. Яғни мейірімі, ихсаны, рахымы мол. Мұсылман да жомарт  және мейірімді болуы керек. Бүкіл көркем мінездерде осылай.

Исмаил Абулхайров,

ОҚО «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0