понедельник, 6 мая 2024 г.
icon
441.66
icon
475.14
icon
4.86
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Мемлекеттік Туды мазақ еткендер қазақстандықтардың ашуын тудырды (ФОТО)

Желіде Қазақстанның Мемлекеттік Ту бейнесі бейнеленген баннердің фотосы пайда болды. Бір өкініштісі, мемлекеттік символдағы күннің ортасына әлдебір эмодзи (смайлик) салынған, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

INSTAGRAM желісіндегі @madlipz.kz аккаунты дүкен жарнамасына Қазақстанның мемлекеттік Туының бейнесін пайдаланған фотосын жария етті. Онда «Қазақстанның азық-түліктері» деген жазу бар. Бұл желі қолданушыларының ашуын тудырды.

«Бұл деген таза мазақ ету. Айыппұл салу керек», «Мемлекеттік Тумен ойнамаңдар», «Ұлттық рәміздерді қорлаған үшін жазаға тарту керек» деп ашынды қазақстандықтар. Бұл баннердің қай қалада орналасқаны белгісіз, бірақ желі қолданушыларының болжамы бойынша дүкен Қазақстанда емес, Ресей елінде орналасқан болуы мүмкін.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: