пятница, 3 мая 2024 г.
icon
442.05
icon
474.14
icon
4.74
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Мақпал Жүнісова өзіне өмірлік серік іздейтінін жасырмады

Қазақстанның халық артисі, әнші Мақпал Жүнісова Instagram әлеуметтік желісінде өзіне өмірлік серік іздейтінін жасырмай айтып қалды. 2005 жылы күйеуі Заманбек Нұрқаділовті өлтіріп кеткен уақыттан бері әнші қызы Мерейді жалғыз өзі тәрбиелеп келеді.

Мақпал Жүнісова Instagram-парақшасына анасын Меккеге арқалап апарған ұлы туралы видеоролик жариялаған. Аталған роликке пікір қалдырған желі қолданушылардың саны көп. Солардың бірі жанына серік іздеп көрдіңіз бе деп сұраған. Оған әнші: «Пендеміз ғой, кейде ойлап қоямын, бірақ бәрі бекер екенін де білем», ― деп жауап қайтарған.

Еске салайық, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің өлі денесі 2015 жылдың 12 қыркүйегінде өз үйінен табылған болатын. Оның кеудесі мен басына оқ тиген. Соған қарамастан тергеушілер Нұрқаділовті өзін-өзі өлтірген деген болжам айтты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0