пятница, 17 мая 2024 г.
icon
441.58
icon
480
icon
4.86
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
21oC
1xadv
×

Желіде Н.Назарбаевтың өзбек және қырғыз президенттерімен боулинг ойнаған ВИДЕОсы жарияланды

Instagram әлеуметтік желісіндегі elbasy_live парақшасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан мен Қырғызстанның бұрынғы президенттері марқұм Ислам Каримовпен және Асқар Ақаевпен боулинг ойнап жатқан сәті түсірілген видео жарияланды.

Автор видеоның архивтен алынғанын, бұл оқиға Шымбұлақтағы демалыс орындарының бірінде болғанын жазған. Онда сол кездегі бауырлас үш елдің президенттері боулинг ойнап, өздерін шебер ойыншылардан кем емес екендігін көрсеткісі келгенін аңғаруға болады.

Айта кетейік, аталған парақшада Нұрсұлтан Назарбаевтың сирек суреттері мен видеолары, тарихи сәттері бейнеленген фотолары жарияланып отырады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0