пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Іші пысқан шымкенттіктер желіні тағы шулатты (ВИДЕО)

Шымкентте қаланың орталық көшелерінің бірінде бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған сәтте көліктен түсіп билей түскен бір топ жас желіні шулатты, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Желіде тараған видеодан «Toyota» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары тура жол бойын би алаңына айналдырып жібергенін байқауға болады. Қаланың орталық көшелерінде бағдаршамның жасыл түсі жануын күтіп тұрған бір топ жас іштері пысқаны соншалық көңіл көтеріп, жұртты өзіне қаратты. Мұны көрген желі қолданушылары жастардың бұл әрекетін жақтап, қолдау білдірсе, енді бірі жабайылыққа теңеді. Ал келесі бірі билеген жастар күллі Шымкент қаласы тұрғындарының атына кір келтірді деп ашынды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0