суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
6oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Атыраулықтар шымкенттіктерді «өзбектер» деп атағаны үшін таяқ жеді (ВИДЕО)

«Атырау» футбол клубының жанкүйерлері шымкенттіктердің ашуына тиді. Шымкентке келген оларды жергілікті тұрғындар соққының астына алды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

INSTAGRAM желісіндегі @v_shymkente парақшасында атыраулықтар мен шымкенттік жанкүйерлердің әрекеті қызу талқыланып жатыр. Бұл оқиғаға «Атырау» футбол клубының ВКонтакте желісіндегі хабарландыруы себеп болыпты. Онда шымкенттік «Ордабасы» клубы мен атыраулық футболшылардың кезекті матчы Шымкентте өтетіні жарияланған. Хабарландырудың соңында жазылған «Өзбекстанға қонаққа барамыз» деген жазба шымкенттіктерге жақпай қалған.

Жексенбі күні қос клубтың кездесуі өткен соң «Өзбекстан» деген жазуы үшін атыраулықтар соққыға жығылды. Бұл сәттің видеосын көрген желі қолданушылары соққыға жығылған қонақтардың өздерін кінәлап, Шымкент ешқандай да өзбек ұлтының мекені еместігін алға тартты. Айтпақшы, төбелеске себеп болған шулы хабарландыр бүгінде ВКонтакте желісінен алынып тасталған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0