Қазақтар мен үндістердің татуласқаны Астана әкімі үшін жасалынған көзбояушылық боп шықты (ВИДЕО)

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
09.09.2017 в 11:30

Қазақтар мен үндістердің татуласқаны Астана әкімі үшін жасалынған көзбояушылық боп шықты (ВИДЕО)

Қазақтар мен үндістердің татуласқаны Астана әкімі үшін жасалынған көзбояушылық боп шықты (ВИДЕО)

Абу-Даби Плазада қазақтар мен үндістер татуласты деп тараған видео мәжбүрліктен түсірілген боп шықты. Жұмысшы жігіттің айтуынша, ол Астана әкімі Әсет Исекешевке көрсету үшін жасалынған сценарий екен, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Осыдан біраз уақыт бұрын Абу-Даби Плаза құрылыс алаңында үндістер мен қазақ жұмысшылары арасында қақтығыс пайда болып, күллі ел дүрліккен еді. Артынша құзырлы мекеме аталған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, күні кеше ондағы жұмысшылардың бір-бірімен татуласқаны туралы видео Қазнетті шарлап кетті. Қазақ жігіттерінің бұл әрекетіне таң болған желі қолданушылары олардың бойында намыс жоқ деп сөккен де болатын. Осы жағдайға қатысты үндіс әріптесінің қолынан алып, барлығы жақсы екенін айтқан жұмысшылардың бірі ресми мәлімдеме жасады. Айтуынша, бұл мәжбүрліктен түсірілген видео. Оны талап еткендер Астана әкімі не көрсету үшін солай жасатқан.

«Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Бұл Абу-Даби Плаза. Кеше түсірілген видео жайында айта кететін болсақ, ол видеода Астана әкімі Әсет Исекешевке көрсетеміз деп бізді солай түсуге мәжбүрледі. Сіздер жазған комментарийлерді оқып, өзімізді қоярға жер таппай жүрдік. Сіздер айтқандай ақшаға сатылатын немесе қазақ ұлтына опасыздық жасайтын адамдар емеспіз. Дұрыс жағынан түсініп, дұрыс ойларыңызды жазсаңыздар» деп мәлімдеме жасады жұмысшы жігіт. Қайсар жігіттің әрекеті желідегілердің қолдауына ие болып, олар «намысты жігіт», «жарайсың» деген сынды пікірлерін жаудырды. Сонымен қатар шындықты қалың жұртшылыққа жайып салған жұмысшының тағдырына алаңдаушылық танытқан қолданушылар да баршылық.

Подпишитесь на наш канал в YouTube - смотрите новости первыми!

Комментарии  

Малика
0 Малика 09.09.2017 в 16:02
Кімге керек сол келімсектер.Қазағымның жігіттері екі қолға бір жұмыс таба алмай жүргенде.Əсет Исекешов деген ұлтты сүймейді ол орыс тілінде сөйлейді.
Ответить

Редакция

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать, перепечатывать и распространять на любых ресурсах материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика