суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-5oC
×

ОҚО-да имамдар да «креслоға» отыру үшін ақша беретін боп шықты

Жемқорлықпен күресеміз деп әлек боп жүргенде аузынан Алласын тасмайтын дін жолындағы адамдар да пара беріп жұмысқа тұрады екен, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы шымкенттік заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек өзінің желі парақшасында жария етті.

«Оңтүстік Қазақстан облысында ақша беріп имам болу қиын емес!

Қарабұлақта бір мешітке, бір имам солай отырып-мыш. Ең сорақысы, ол имамның ақидасы дұрыс емес екен. ҚМДБ өзі қол қойып, мөр басып берген дейді. Арабияда жеті жыл оқып келіп, дəстүрлі емес дінді бізге тығып жатқан арабқұл имамдар бізде көбеюде. Арабтың ақшасына мешіт соғып, ақшамен имам болып, жастардың миын улайтын адамдарға қашан тоқтау қойылады екен? Ертең миы уланған жастарды игере алмай қаламыз ғой. ОҚО бойынша ҚМБД өкілі Ахметжан Керімбек менің кім жайлы айтып отырғанымды біледі деп ойлаймын. Алдағы уақытта тиісті іс-шаралар күтемін» деп жазды заңгер. Мұны оқыған желідегілер автордың мәліметін растады. «ҚМДБ-ға сенуден қалдық қой», «Туылсаң да ақша, өлсең де ақша. Бұл екеуі арасындағы мүлдем бөлек әңгіме», «Мектепте еден жуушысынан пара алып жұмысқа тұратынын білмейсіз бе? Мешіттің имамы да солай жұмысқа тұрады, оны ел біледі», «Солай, имамдар да ақша беріп тұрады.

Тағы оқыңыздар: Тойда жартылай жалаңаш билеген биші еркектердің шақуатын оятты (ВИДЕО)

Онымен қоса мешітті таңдайды», «Ақырзаманның белгілері болар», «Таң қалмайтын болдық, бұл – Қазақстан» деп жазды желідегілер. Дегенмен пікір қалдырушылар арасында заңгердің сөзін жоққа шығарып, жазба авторын сынның астына алғандар да бар.

«ҚМДБ пара алып жатыр дегенге келіп тұр ғой. Осындай тірліктеріңізді қашан қоясыздар? Ондай факт бар ма, барыңыз да жемқорлыққа қарсы агенттікке немесе Ұлттық Қауіпсіздік комитетіне хабар беріңіз. Анау айтыпты, мынау айтыпты деп халықтың назарын мешіттен алшақтатуды қашан қоясыздар? Имамдарға шамаларыңыз жетеді әйтеуір», «Айгүл ханым, кешіріңіз, негізі менің сізге жаным ашиды. Сіз ғайбат айтумен өзіңізге пиар жасап жүрсіз. Ол пиарыңыз бұл дүниеде сәтті әрі тәтті, ал ақыретте бәрі керісінше... Алла сақтасын» деп ашынды желі қолданушылары.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0