Облыс әкімі Қ.Ысқақов Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысандардың жұмысымен танысты. Аймақ басшысы алдымен аудан аумағында орналасқан «Құрайлы» каналының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Осы күнге дейін «Құрайлы» каналын қайыр басуына байланысты, ауданның егістік жерлеріне су жеткізу мәселесі қиындық тудыратын. Бүгінгі таңда құны 168 млн теңгені құрайтын жоба сметалық құжаттары әзірленіп, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы каналға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуде. Жоба бойынша 22 шақырым механикалық қазу жұмыстарын жүргізіп, 150 мың текше топырақ шығару көзделген.
««Құрайлы» каналының механикалық тазалау жұмыстарынан кейін су өткізу қабілеті артып, аудан орталығындағы аяқ су мәселесін шешуге ықпалын тигізетін болады. Каналдың бойында 7,1 мың га егістік жерлер бар, оның ішінде күріш егісінің көлемі 6,4 мың га құрайды. Сол себепті тазалау жұмыстарына шаруа қожалықтарды да тарту керек. Бөлінген қаражат каналды толығымен тазартуға жетпеуі мүмкін. Бірігіп жұмыс жасалуын қадағалаңыздар», — деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
«Жалпы 160 км газ құбырын жүргізу керекпіз. Қазір біз бірінші, екінші, үшінші ГРП-ларды орнатып қойдық. 2019 жылы республикалық бюджеттен 872 млн тенге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда қаржы толық игеріліп, 87 км газ құбыры жүргізілді. Көктемнің уақытында су көлемі көбейетін болғасын бірінші ГРП жанынан 10 км. газ құбырын жүргіздік. Биылғы жылға республикалық бюджеттен қаржы қаралып тұр. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады», — деді М. Усаин.
Облыс әкімі «КазТрансГаз» АҚ аймақтық филиалымен келісіп, мамыр айында газ тарту жұмыстары аяқталған аудан бөлігіне көгілдір отын беруді тапсырды.
«Мамыр айындағы атаулы мерекелер қарсаңында Қармақшы және Сырдария ауданы тұрғындарының бір бөлігіне газ беру мәселелсін шешіңіздер. Жалпы жоспарланған үш ауданға көгілдір отын күзге дейін толық берілуі керек», — деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Қ.Ысқақов Қармақшы аудандық электр тарату торабының және Қармақшы аудандық аграрлы-техникалық колледжінің жұмысымен танысты.
Сондай-ақ, өткен жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 429,7 млн теңге бөлініп, «Қармақшы аграрлық-техникалық колледжі» ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні оқу процесі үздіксіз жүргізілуде.