Коронавирустық инфекцияның алдын алу мәселесі бүгінгі таңда өзекті мәселелердің қатарында. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов коронавирустан сақтану шараларының пысықталуына байланысты жедел отырыс өткізді. Дегенмен, дәл қазіргі уақытта дәріханаларда бетперделердің тапшылығы орын алуда.
Бүгінгі күні бетперделер ең сатылатын тауар. Олардын тапшылығына жол бермеу үшін «Dalatex» тігін фабрикасы келесі аптадан бастап арнайы қондырғының көмегімен бір реттік жеке қорғаныш бетперделері шығарыла бастайтын болады. Атап өту, осы фабрикасында тігіліп жатырған сегіз қабатты көп ретті пайдалануға жарайтын жеке қорғаныш бетперделерін, Қызылорда қаласы және аудандардағы дәріханаларға жеткізу қолға алынатын болады. Барлық дәріханаларға үш мың данасы жеткізіледі деп келісілді. Әрі қарай, сұранысқа қарай бес мың данаға жеткізу жоспары бар.
Арнайы отырысқа қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық кәсіпкерлік басқармасы, Тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Dalatex» тігін фабрикасы өкілдері мен жеке дәріхана иелері бір шешімге келді.