Сыр елінде «Достық» қонақ үйін медицина қызметкерлеріне берді

Мемлекет басшысы төтенше жағдай режиміне орай көп шаралар жасап жатыр. Еліміздің кәсіпкерлері де қарап қалмай қолдарынан келгенше көмектерін беруде. Қызылордадағы танымал кәсіпкер Мырзабай Шалғымбаев төтенше жағдайға байланысты «Достық» қонақ үйін медицина қызметкерлеріне берді.

Кәсіпкердің айтуынша, қонақ үйде медицина қызметкерлеріне 20 бөлме бөлінген.Тынығып, демалуларына жайлы жағдай жасалды.  «Демалып, олар коронавирустық инфекциямен күресті қайтадан бастай алады», — деді Мырзабай Шалғымбаев.

Айта кетейік, қысылтаяң шақта өзге де кәсіпкерлерді бірге жүмылуға, індетпен күрес шараларына атсалысуға шақыруда.