Сыр елінде «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 1 349 адам жұмыспен қамтылады

Карантин талаптары жеңілдегеннен бері облыста 43 кәсіпорынның жұмысына рұқсат етілген. «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 276 жоба жүзеге асырылып, 1349 адам жұмыспен қамтылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді.

Басқармасының басшысы айтауынша, Президент Қ.Тоқаев «елдің әл-ауқатын артыру, экономиканы дамыту үшін, қандай қажеттілік болса да бару керектігі» жөнінде тапсырмалар берді. Соның ішінде, басымдықты отандық тауарларға, жергілікті тауар өндірушілерді бірініші кезекте қолдау қажеттігін қатаң тапсырып отыр.

«Төтенше жағдай көптеген өзгерістерді әкелгені жасырын емес. Бір жарым айдан аса айнала қымталып, алыстан келетін тауарлардың тоқтап қалғанын білесіздер. Дегенмен, өмір жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта, 3 жоба іске кірісіп кетті. Олар темір–бетон, цемент шығаратын, қиыршық-тас үгітетін заводттар. Бұл заводтардың жұмысы кідіріссіз жүруі үшін оларға қызмет көрсететін автомашиналарын «Сергек» бағдарламасына енгізіп, кідіріссіз жүрулеріне жағдай жасалып отыр», — деді Ринат Қалдыбекұлы.

Сондай-ақ, өңіріміз мұнай-газ өндірісімен дамып отырғандығы жасырын емес. Дегенмен, қазіргі уақытта мұнай өндірісі бәсеңдеп отыр. Сондықтанда, жаңа жобаларды іске асыруымыз қажет. Және де тауар өндірушілерді қолдау мақсатында арнайы сертификаты болмаған жағдайда тізімге енгізу үшін жергілікті органның тарапынан жазбаша растауы жеткілікті. Сонымен қатар, коронавирус пандемиясының таралуының алдын алу және болдырмау мақсатында жергілікті 80-нен астам жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорын мен еріктілер жеке қорғаныс құралдарын өндіру бағытында жұмыстар жасауда.