«Атамекендік» балаларға университетте тегін оқу сертификаты табысталды

Биыл «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылында төрт оқушы мектептен түлеп ұшты. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университет оларға тегін білім грантын ұсынды. Жоғары оқу орнының ректоры Бейбіткүл Кәрімова арнайы барып, түлектерге таңдаған мамандықтары бойынша төрт жыл тегін оқу сертификатын табыстады.

Бүгінгі күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 38 жас білім алуда. Олар мемлекеттің, облыс әкімінің гранттары мен университеттің, көптеген компаниялардың қолдауы негізінде тегін білім алып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, қазіргі таңда «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылында 53 бала тұрады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.