Алматыда қолжетімді әлеуметтік нысандар салу жалғасуда

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде Алмалы ауданындағы жаңа тұрғын кешендерін аралап көрді, қолжетімді әлеуметтік нысандар салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру барысымен танысты.

Алматы әкімі Instagram-дағы парақашасында «Dostar» және «Элиф тауэрс» кешендерінде болғаны туралы жазды. Құрылысшылар қалалық әлеуметтік нысандар үшін үй-жай бөліпті.

«Біріншісінде белсенді ұзақ өмір сүру орталығын, екіншісінде кітапханасы, түрлі үйірмелері, коворкинг-аймағы және шеберлік-сыныптары бар балаларға арналған дамыту орталығын ашамыз. Әлеуметтік жауапкершілік аясында девелоперлер көрші үйлердің ауласын жөндеп, 100 орынға арналған балабақша салады. Айта кету керек, 108 пәтері бар «Элиф тауэрс» ТК екі қабатты ескі қаңқалы-қамысты екі үйдің орнына салынды», — деп хабарлады Б. Сағынтаев.

Айта кету керек, 108 пәтерлі «Элиф тауэрс» ТК қамысты екіқабатты екі үйдің орнына салынды.

Қала әкімі жұмыс сапары барысында 7-Eleven әлемдік шағын дүкендер жүйесі бойынша құрылған жаңа форматтағы дүкенде де болды. Жоба франчайзинг негізінде жұмыс жасауда.

Б. Сағынтаев жылдық қуаты 86,3 мың тонна өнім шығаруға арналған тазартылған сұйық май мен май шығаратын кәсіпорында болды. Зауытта 1068 адам жұмыс істейді.

Бүгінде әкімнің тапсырмасы бойынша Алматының Индустриалды аймағындағы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар жандандырылады.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенетін болсақ, өткен жылы 2,1 млн шаршы метрге жуық үй пайдалануға берілсе, биылғы жылы шамамен 2,2 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 19,5 мың пәтер салу жоспарланған. Оның ішінде, 1553 мың шаршы метр коммерциялық құрылыс немесе 16029 пәтер, 593 мың шаршы метр жеке тұрғын үй немесе 2374 тұрғын үй. Мемлекеттік бюджет есебінен 64,5 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 1130 пәтер салу жоспарлануда.