Мемлекеттік қызметшілер күніне орай: Сыр елінде онлайн-дебат өткізілді

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы және Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 23 маусым- Мемлекеттік қызметші күніне орай «Жаңа формациядағы мемлекеттік қызметші» тақырыбында Zoom платформасымен онлайн-дебат өткізілді.

Жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшінің құндылықтар негізіндегі келбетін кескіндейтін идеяларды жəне цифрлық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру қажет деп ұсынған спикерлер Нағи Ильясов ауылы, «Нағи Ильясов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің жетекші-заңгері Құнанбаев Ғазиз Әбдіжәмитұлы және Қызылорда облыстық соттар әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Нұрбайқызы Нұргүл болды.

«Онлайн-дебат мақсаты: жас мемлекеттік қызметшілердің құндылықтарын ұсыну негізінде жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастыру», — дейді ұйымдастырушылар.

Онлайн-дебат қорытындысы бойынша Нұрбайқызы Нұргүл «Үздік спикер» және Құнанбаев Ғазиз Әбдіжәмитұлы — «Үздік идея» номинацияларын иеленді.