Бүгін таңда Ресейден Маңғыстау облысына тағы 45 оттегі концентраты келді.
Бұл ел азаматтары, кәсіпкерлер Марат Орманов пен және Сергей Ворожейкин отбасыларының тартуы. Демеушілікпен арнайы алынған аппараттардың 30 — облыстық ауруханадағы провизорлық стационарға, 5 — Жаңаөзен қаласына, ал аудандарға екі-екеуден үйлестірілді. Аталған құрылғылар дәл қазір дәрігерлердің қолына тапсырып, қала, аудандарға жөнелтілді.
«Індетпен күресте елдің жанынан табылып, өз үлестері қосып жатқан жомарт жандарға облыс әкімдігінің атынан алғыс айтамыз!», — облыс әкімдігінде алғыс білдіруде.
Еске салайық, бүгін Маңғыстау облысына ресейлік дәрігерлер келді. Олар жергілікті дәрігерлерге коронавирустық инфекциямен күресуге көмектеседі.