Қызылорда облысында аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың тапсырмасымен облысты қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. Республикалық бюджет есебінен 68 өкпені желдету (ӨЖЖ) аппаратына қосымша тапсырыс берілді.
Сонымен бірге, жақын күндерідемеушілік көмек ретінде Түркия мемлекетінен 10 ӨЖЖ аппараты ауруханаларға жеткізілетін болса, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан Байқоңыр қаласындағы ауруханаға 1 аппарат әкелінетін болады.
Облыстағы ауруханаларда бүгін жұмыс жасап тұрған өкпені жасанды желдету аппараттар саны 64 болса, оның 29-ы — қалада, 25 аппарат аудандық ауруханаларда орналасқан.